Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды

Талғар қаласында қыз зорлады деген күдікке ілініп, тергеу изоляторынан қашып кеткен адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті Тереңқара ауылының шетінде ұсталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті К. Тереңқара ауылының шетінде ұсталды. Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды. Сондай-ақ іздеу шараларына қоғам белсенділері мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар атсалысты, - делінген хабарламада.
Жергілікті полицияның мәліметінше, күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктіге негізгі қылмысынан бөлек қамаудан қашқаны үшін айып тағылады», - дейді құзырлы департаменттен.
