Жаңалықтар

Талғарда қоғамдық тәртіпті бұзған бір топ шабандоз жазаланатын болды

Талғарда қоғамдық тәртіпті бұзған бір топ шабандоз жазаланатын болды
Фото: facebook/Бауыржан Әленов 26.03.2024 08:55 663

Алматы облысы Талғар ауданында бір топ шабандоз көлік қозғалысына кедергі жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл сәтті куәгерлердің бірі видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіде жариялаған. Мониторинг жүргізу кезінде полицейлер шабандоздарды анықтады.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтің мәліметінше, тексеру барысында шабандоздар «Көкпар» ойынын ойнағаны анықталған. Аталған дерек бойынша Еңбекшіқазақ ауданы ПБ-ға 6 адам жеткізілген.

Жоғарыда аталған адамдарға қатысты көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасау дерегі бойынша әкімшілік материал жиналды. Сондай-ақ «Көкпар» ат спортық іс-шарасының ұйымдастырушысы, Алматы облысының 55 жастағы тумасы анықталып, полицияға жеткізілді. Оған қатысты спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды» деп жазды Бауыржан Әленов желі парақшасында.

Өңірдің бас полицейі тәртіп сақшылары 20-ға жуық адамды анықтағанын, олардың барлығы қолданыстағы заңнама шеңберінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға