Талғарда дөңгелек зауытындағы алапат өрт сөндірілді

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
15.03.2025 19:04
148
Алматы облысы Талғар ауданындағы алапат өрт сөндірілді. Оқиға Жаңалық ауылының жол бойында, резеңке бұйымдарын өңдейтін ЖШС аумағының сыртында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, жинаулы тұрған көлік дөңгелектері жанған. Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қалалық ТЖД 12 техникасы және жеке құрамнан 37 адам жұмылдырылды. Қызыл жалын аумағы - 500 шаршы метр.
Оқиға орнында анықтаушылар мен өрт сынақ зертханасы жұмыс істеуде. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбеде су басу қаупін азайту жұмыстары күшейтілмек