Жаңалықтар

Талғарда аппарат басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды

Талғарда аппарат басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды
Фото: Әлеуметтік желі 15.10.2024 18:14 596

Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар Талғар ауданының әкімі Таңат Есенкелдіұлы Айдарбеков пен оның орынбасары Айбек Бидаев сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ бүгін Талғар қаласының әкімі Бақыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды.

Сонымен қатар, сеніп тапсырылған аумақта бақылауды әлсіреткені үшін Талғар ауданының әкімі - Танат Айдарбековке сөгіс берілді.

Айта кетейік, 4 қазанда Шерзат Болат есімді 16 жастағы жасөспірім азғындықпен өлтірілген еді. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, бірнеше күдікті екі айға қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға