Жаңалықтар

Талғар өзенінің деңгейі қалыпты арнасына түсті

Талғар өзенінің деңгейі қалыпты арнасына түсті
Фото: Көрнекі фото 22.07.2023 12:50 1222

Талғар өзеніндегі су деңгейі төмендеп, қалыпты арнасына түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

ТЖМ-нің мәліметінше, қазіргі уақытта облыс аумағындағы жағдай тұрақталып, халыққа қауіп жоғы айтылды. Өзен секундына 23 текше метрді құрап, бөгеттегі судың сыни өту көрсеткіші 70 текше метрге жетіп отыр. Сонымен бірге, өзенде кезекшілік және мониторингі жалғасып жатыр. 

Бұдан бөлек, 21 шілдеде сағат 21:00-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Орман шаруашылығы қызметкерлерінен Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік өзенінің бассейнінде сел ағынының қалыптасуы салдарынан тас жолдың төсемі шайылып кетуіне байланысты орманшының үйінде 9 адам демалушы және 1 орманшы жол қатынасынан ажырап қалған болатын. Күндіз олар орманшының үйінде болған, олармен байланысқа шығу мүмкін болмады. Хабарлама келіп түскен сәттен бастап Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының және республикалық жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдарынан 11 адам мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Жедел топ құрылып, жол төсемін су шайып өткендіктен ол жерге жетудің жалғыз мүмкіндігі - жаяу бару болып отыр Түні бойы құтқарушылар 9 адамнан тұратын туристер тобы мен орман шаруашылығы қызметкерін іздестірді.  22 шілдеде сағат 05:45-те Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖД іздестіру тобы туристер тобы мен орман шаруашылығы қызметкері тұрған орманшының үйіне жаяу жетті. Туристерге медициналық және басқа көмек қажет емес. Туристердің айтуынша, олар орманшының үйінде бірнеше күн болуды жоспарлап отыр, - деді ТЖМ баспасөз қызметі. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға