Жаңалықтар

Талдықорғандағы мешітте ұрлық болды

Талдықорғандағы мешітте ұрлық болды
Фото: видеодан алынған кадр 19.01.2024 13:01 747

Талдықорғандағы мешітте ұрлық болды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Талдықорғанда мешіттердің бірінен намаз кезінде аяқкиім ұрлаған азаматтың әрекеті бейнекамераға түсіп қалған.

Қалалық полиция қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен анықтауға мүмкіндік туды. Ұсталған адам ұрлыққа қатысын жоққа шығармайды, кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп отыр, – деді Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы Ернар Ширбаев. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға