Жаңалықтар

Талдықорғанда жергілікті тұрғынның үйінен 30 келіге жуық есірткі табылды

Талдықорғанда  жергілікті тұрғынның үйінен 30 келіге жуық есірткі табылды
Фото: © Polisia.kz 03.07.2023 17:55 1074

Талдықорғанда марихуана сатушы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратураның үйлестіруімен Талдықорған қаласында есірткі сату орнын анықтау бойынша арнайы операцияны полицейлер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік департаменті өкілдерімен бірлесіп жүргізді.

Құқық қорғау органдары 40 грамнан астам марихуана сатуға әрекет еткен 39 жастағы ер адамды ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде шамамен 27,5 кг каннабис тектес есірткі табылды.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, - деді Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға