Жаңалықтар

Талдықорғанда "Жасыл аймақ" апталығы кезінде 22 мың түп ағаш отырғызылды

Талдықорғанда "Жасыл аймақ" апталығы кезінде  22 мың түп ағаш отырғызылды
Фото: Жетісу облысының әкімдігі 25.04.2024 08:34 747

Жетісу облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығының аясында 22 мың түп ағаш отырғызды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірдің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, экологиялық акцияға 80 мыңнан астам белсенді азамат атсалысқан.

Қазіргі таңда 22 мың түп ағаш отырғызылып, 3 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Оған 619 арнайы техника жұмылдырылды. Бүгінгі бір күннің өзінде экологиялық акция аясында 1000 түп жасыл желек отырғызылды, - деп жазылған басқарма хабарламасында.

Жалпы жыл соңына дейін облыс аумағында 115 мың түп ағаш егу жоспарланып отыр. Соның 5 мыңы Талдықорған қаласында отырғызылса, 42 мыңнан астамы көктем айларында, 32 мыңға жуығы күзде егіледі. Қалған 35 мыңнан астамы экологиялық акция аясында демеушілік қаражат есебінен отырғызылды. 

Еске салсақ, акцияның 5-ші аптасы «Мөлдір бұлақ» деп аталады. Бұл аптадағы жұмыс өңірдегі бұлақтардың көзін ашуға, өзен арналарын тазартуға бағытталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға