Жаңалықтар

Талдықорғанда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған интеллектуалды ойын өтті

Талдықорғанда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған интеллектуалды ойын өтті
Фото: жеке мұрағат 12.02.2025 19:00 118

Бүгін Талдықорған қаласында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң және Мен: Ойна, біл, сақта!» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың заңдар мен құқықтық нормалар туралы білімдерін тереңдету және азаматтық жауапкершіліктерін қалыптастыру.

Ойын жол қозғалысы ережелері, адам құқықтары, Конституция және заңдар деген үш негізгі тақырыпты қамтыды.

Қатысушылар заңдарды қызықты әрі интерактивті форматта меңгерді. Ойын барысында пікірталастар, топтық тапсырмалар және өмірлік жағдайларды талдау сынды әдістер қолданылды. Қатысушылар 3 турдан өтіп, сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін сынап көрді.

Ойынға оқушылар, студенттер, жастар мен белсенділер қатысты. Қатысушылар құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын түсініп, өз құқықтары мен міндеттері жайлы жан-жақты ақпарат алды.

«Заңды білу – өз құқығыңды қорғау!» ұранымен өткен бұл шара жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға