Талдықорғанда жамбы атудан ел чемпионаты өтеді

Фото: Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы
Фото: Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы
04.06.2024 12:32
1011
2024 жылдың 6-10 маусым аралығында Талдықорған қаласында жамбы атудан 2007-2009 ж.т жасөспірімдер арасында ІХ ҚР чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Чемпионатқа Қазақстанның 15 аймағынан 60-қа жуық спортшы қатысады. Олар «Мажар», «Азия», «Түрік» және «Жамбы ату» стилдері бойынша сынға түседі. Ел біріншілігінің салтанатты ашылу рәсімі 6 маусым күні Талдықорған қаласында ұйымдастырылады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мемлекеттік рәміздердің салмағы зор, қадір-қасиеті мол