Талдықорғанда есірткі сатуға қатысы бар күдікті қолға түсті
![Талдықорғанда есірткі сатуға қатысы бар күдікті қолға түсті Талдықорғанда есірткі сатуға қатысы бар күдікті қолға түсті](/storage/storage/element/2023/06/19/mainphoto/55521/1200xauto_sepLaHBLa5mlIoBltzdwttDGJJWm2FUjqBKPQ7X1.jpg)
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
17.06.2023 09:17
485
Талдықорғанда есірткі саудасына қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдікті сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің жанында ұсталған.
Жеке тінту кезінде және тұрғылықты жерінде ұсталған ер адамнан ерекше иісті ақ түсті ұнтақ заты бар екі бума тәркіленді. Сондай-ақ белгісіз маркалы тапанша тәркіленді, – деді Жетісу облысы ПД ЭҚІҚБ бастығы Болат Болысбеков.
Ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша тергеу амалдары басталды. Тәркіленген зат пен қару бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)