Талдықорғанда екі қонақүйге бомба қойылғаны туралы хабар түсті
Талдықорғанда жексенбі күні кешке қонақүйдегі бомба туралы ақпарат түсіп, дереу дабыл бойынша полиция құрамы көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгісіз біреу қаладағы екі қонақүйге – «Колизей» мен «Парк Хаусқа» бомба қойылғанын хабарлаған. Осыдан кейін оқиға орнына патрульдік көліктер мен жедел жәрдем келді. Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде жарияланды.
Жетісу облыстық полиция департаменті болған жағдайға қатысты пікірі білдірді.
Сағат 18:35 шамасында Талдықорған полициясының жедел басқару орталығына облыс орталығындағы екі қонақүйге жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын қоңыраулар түскенін хабарлаймыз. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Ешқандай күдікті заттар табылмады, – делінген хабарламада.
Облыстық полицейлер көрінеу жалған хабарламалар үшін заңда көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді.