Жаңалықтар

Талдықорғанда бұрынғы сүйіктісінің мойнын кесіп тастаған ер адамға үкім шықты

Талдықорғанда бұрынғы сүйіктісінің мойнын кесіп тастаған ер адамға үкім шықты
Фото: Видеодан кадр/krisptdk 13.05.2024 16:22 1304

Талдықорғанда бұрынғы сүйіктісіне шабуыл жасап, мойнын кесіп тастаған ер адам сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол «кісі өлтіруге оқталу» мен «бұзақылық» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 11 жыл 7 ай бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, оқиға былтыр қазан айында болған. Осы сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлардан ер адамның қызды жерге құлатып, тұншықтырып жатқанын көруге болады. Осыдан кейін ол үстелден кеңсе пышағын алып, қызды жарақаттай бастайды. Пышақпен бірнеше соққы жасағаннан кейін ер адам оқиға орнынан кетіп қалады. 

Бастапқыда күдікті ұсталғаннан кейін тек 2 күн қамауда отырған. Мән-жайды білу үшін зардап шеккен қыздың анасы ішкі істер басқармасына барғанда тергеуші күдіктіні ұстап отыратын себеп болмағанын, оқиғаға қыздың өзі кінәлі екенін айтқан. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға