Жаңалықтар

Талдықорғанда биыл мерейтойы атап өтілетін тарихи тұлғалар дәріптелді

Талдықорғанда биыл мерейтойы атап өтілетін тарихи тұлғалар дәріптелді
Фото: Жетісу облысының әкімдігі 23.03.2025 03:36 491

Жетісу облысында Наурызға арналған мерекелік шараларда биыл мерейтойы аталып өтілетін тарихи тұлғалардың еңбегі кеңінен дәріптелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Талдықорғандағы «Жастар» саябағында 190 жылдықтарына орай «Бақтыбай Жолбарысұлы ауылы» және «Шоқан Уәлиханов ауылы», 180 жылдығына орай «Абай Құнанбайұлы ауылы», 120 жылдығына орай «Қанабек Байсейітов ауылы», 95 жылдығына орай «Әнуар Әлімжанов ауылы», 80 жылдықтарына орай «Жұматай Жақыпбаев ауылы» және «Құман Тастанбеков ауылы» тігіліп, мұнда көрнекті тұлғалардың өмірі мен елге сіңірген еңбегіне арналған көрмелер ұйымдастырылып, театрландырылған көріністер қойылды. 

Саябақ сахнасындағы салтанатты шара Наурыз мейрамының мәнін ашатын  театрландырылған көрініспен басталды. Жетісулықтарды осы күні мерекемен облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтап, Наурызнама онкүндігін өткізудің мән-маңызына тоқталды. Бурабайда өткен IV Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, ортақ идеологиялық мақсаттар Наурыздың философиясымен үндесіп жатқанын жеткізді. Сол сияқты «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының жастарды қоршаған ортаға деген қамқорлыққа, еңбек құндылығын дәріптеуге үйрететін рөліне тоқталды.

Наурыз мерекесі – бізге мыңжылдықтардан мирас болған халқымыздың айрықша мұраларының бірі. Наурызды мерекелеу аясында облысымыздың түкпір-түкпірінде 230-дан астам сан түрлі іс-шара өткізілуде. Наурыз күндері 5 мыңға жуық ағаш отырғыздық. Көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды. Мұндай шаралар жыл бойы үздіксіз жалғасып келеді. Бұл – біздің Жетісу халқының ынтымағының айқын көрінісі, - деді Б.Исабаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға