Жаңалықтар

Талдықорғанда білім бөлімінің қызметкерлері 1,6 млрд теңге жымқырған

Талдықорғанда білім бөлімінің қызметкерлері 1,6 млрд теңге жымқырған
Фото: Антикор/Видеодан алынған кадр 27.03.2025 11:43 430

«Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас бухгалтері 8 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, білім бөлімінің қызметкерлері шоттарына артық ақша аудару арқылы 1,6 млрд теңге жымқырған.

Талдықорған қалалық соты «Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас бухгалтері К. Құрманғалиеваға, сол бөлімнің бухгалтерлері А.Мұратова мен А.Қалабаеваға, «Қазпошта» АҚ аудандық учаскесінің бастығы А.Такенге, «Айдана» бөбекжай-бақшасы меңгерушісінің м.а. Н. Балғабаеваға және Жетісу облысы ІМАБ камералдық бақылау бөлімінің басшысы У. Жапабаевқа қатысты үкім шығарды. Құрманғалиева, Қалабаева, Мұратова және Такен білім бөлімі қызметкерлерінің шоттарына белгіленген жалақыдан артық аудару жолымен 1,6 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген мәліметте.

Ал Балғабаева мен Қалабаева балабақшада аудит жүргізбеу сылтауымен олардың ақшалай қаражатын иемденген Жапабаевқа пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

Құрманғалиеваға 8 жылға, Қалабаева, Мұратова және Такенге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Балғабаева мен Жапабаевқа тиісінше 1,2 млн теңге және 1 млн теңге айыппұл салынды, - деп қосты агенттік.

Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға