Талдықорғанда білім беру бөлімінің бұрынғы басшысының денесі табылды
12.06.2023 16:31
1536
Өткен демалыс күндері Қаратал өзенінің маңынан Талдықорған қалалық білім беру бөлімі басшысы Роза Барманованың денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облыстық ПД мәліметінше, әйелдің денесінен зорлық белгілері анықталмаған. Бұл дерек қалалық полицияда тіркелді, қажетті тексеріс жүргізіледі. Өлімнің себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Роза Барманова қалалық білім бөлімін 2016-2020 жылдар аралығында басқарды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елордада пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтеді