Талдықорғанда атыс қаруы бар қойма табылды
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс басталды. Қару сараптамаға жіберілді![Талдықорғанда атыс қаруы бар қойма табылды Талдықорғанда атыс қаруы бар қойма табылды](/storage/storage/element/2022/10/28/mainphoto/25310/1200xauto_aL9MxFVGNj6HpflHc5lMtNrJFS8rQ3dbSOT5eY8Z.jpg)
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
28.10.2022 11:53
1403
Талдықорғанда атыс қаруы бар қойма табылды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Талдықорғандағы саяжай алқаптарының бірінің шетінде өңірдің полицейлері ҰҚКД жедел уәкілдерімен бірлесіп, ірі қару қоймасын анықтады.
Оқиға орнында Сайга карабині, ИЖ-56 аралас мылтығының кесіндісі, сигналдық револьвер, тапанша, сонымен қатар 100-ден астам түрлі калибрлі патрон, 13 гильз, кісен және кабур тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс басталды. Қару сараптамаға жіберілді.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Келесі жаңалық
Абай облысында ұшқышсыз ұшу аппаратын сыналды