Талдықорғанда 20 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
24.05.2023 19:40
661
Талдықорғанда 50 жастағы ер адам көлік қағып, мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, қайғылы жағдай Абылай хан көшесінде орын алған.
BMW маркалы көліктің тізгінінде Талдықорған қаласының 20 жастағы тұрғыны болған. Ол рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, - делінген ведомствоның ақпаратында.
Жол-көлік оқиғасына сәйкес, сараптама тағайындалған.
Тәртіп сақшылары жыл басынан бері өңірде жаяу жүргіншілердің қатысы бар 52 жол-көлік оқиғасы болғанын мәлім етті. Олардың ішінде, 10 адам көз жұмып, 44-і түрлі дене жарақатын алған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісуда 9 жастағы қыз токқа түсіп қалды
Келесі жаңалық
БҚО-да ірі қара мал бордақылайтын алаң іске қосылды