Жаңалықтар

Талдықорғанда 1 млрд теңгеден асатын сатып алу конкурсының күші жойылды

Талдықорғанда 1 млрд теңгеден асатын сатып алу конкурсының күші жойылды
Фото: © Pixabay.com 27.02.2024 10:07 851

Талдықорған қаласының прокуратурасы құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысының прокуратурасы таратқан мәліметке сәйкес, тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатып, сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеп, қиындатқан.

Тағы бір жағдайда, құны 500 миллион теңгеден асатын қала көшелерін ағымдағы жөндеуге конкурс жарияланған кезде тапсырыс беруші жөндеуді қажет ететін көшелердің атауларын нақтыламаған, әр көшедегі жұмыстың сметалық құнын анықтамай, ақаулы актілерді ұсынбаған, - делінген мәліметте.

Прокуратура заң бұзушылықтардың алдын алып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашық конкурсқа қатысуын қамтамасыз етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға