Жаңалықтар

Талдықорған тұрғыны сайлауға түйемен келді

Талдықорған тұрғыны сайлауға түйемен келді
Фото: gov.kz 19.03.2023 09:18 2414

Талдықорған қаласында дауыс берушілер үшін барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады6 деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлыстың ұлы мерекесі қарсаңында өтіп жатқан Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында № 419 сайлау учаскесіне келушілер белсенді. Алғашқылардың бірі болып түйе асыраушылар дауыс берді, - делінген хабарламада.

Түйешілер қатарында  35 жастағы Байзақов Ұлан да бар. Ол соңғы 15 жылда түйе асыраумен айналысып келеді. 

Аптаның демалыс күндері түйемді орталық саябақтарға алып шығамын. Үстіне мінгеніне қуанған балаларды көрудің өзі бақыт. Осындай қызмет көрсетуден тапқан қаражатты түйенің жем-шөбіне, дәрі-дәрмегіне жұмсаймын. Бүгінгі сайлауға ертелетіп келіп, дауыс бердім, - дейді Ұ.Байзақов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға