Жаңалықтар

Талдықорғанда ҚХА республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Талдықорғанда ҚХА республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
31.10.2018 11:25 2563

Талдықорғанда Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасының артуы» халыққа Жолдауы мен Алматы облыстық «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығының» 10 жылдық мерейтойы аясында Талдықорған қаласының Тіл сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. 

Отырысқа ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісінің орынбасары Шанаи Назипа Идрисовна төрағалық етті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысын Алматы облысы әкімінің орынбасары Ләззат Турлашов кіріспе сөзімен ашты.

Кеңейтілген отырыста Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасының артуы» халыққа Жолдауы бойынша ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Наталья Жумадильдаева, предагогтың мәртебесіне қатысты кәсіби медиатор және педагог Бахыт Түсіпбекова, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғаудағы мемлекеттік органдардың рөлі туралы Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі Азамат Бекев, ұлт болашағы мен ұрпақ тәрбиесі мәселелері жайлы жазушы, аудармашы Камал Әлпейісова кеңкөлемді баяндама жасады.

Сонымен бірге «Қазақтану» жобасы аясында өңірлік және Алматы облысының аудандық Аналар кеңесінің жобалар көрмесі ұйымдастырылып, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әдебиет саласындағы республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстан жазушылар және журналистер Одақтарының мүшесі Досжан Сәуленің «Төркіндеу» салтанатты рәсімімен аяқталды.

Аталған шараға құрметті қонақтар – белгілі қоғам қайраткері, жазушылар, кәсіби медиаторлар, республиканың 14 облысы мен 3 қаласынан Аналар кеңесінің белсенділері қатысты. 
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға