Талдықорғанда бүлдіршін үшінші қабаттан құлап кетті
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz
19.08.2022 00:16
1168
18 тамыз күні кешкілік екі жасар бала Қаратал ауданындағы көпқабатты үйдің үшінші қабатынана құлап, дене жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды El.kz.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, бала ересектердің қарауынсыз қалған. Анасы оны үлкен балаларына қалдырып, үйден шығып кеткен.
Жетісу облыстық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Қайсар Мұхметовтің сөзінше, шақырту бойынша жеткен дәрігерлер зардап шеккен баланы облыстық балалар ауруханасына алып кеткен.
«Қазір оны тексеріп жатыр. Дәрігерлер балаға көмек көрсетуде. Оның анасы да сонда», – деді Қайсар Мұхметов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Семейде есірткі жасаған студенттер ұсталды
Келесі жаңалық
Қазақстанда ең арзан пәтерлер қай қалада