Жаңалықтар

Талдықорғанда «Қарттарым – асыл қазынам» форумы өтті

Талдықорғанда «Қарттарым – асыл қазынам» форумы өтті
27.09.2018 09:38 2392

27 қыркүйек күні Талдықорған қаласындағы Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында «Авив» еврей этномәдени орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» облыстық форумы өтті.

Аталған шараға облыстық этномәдени бірлестіктерінің, Аналар, Қоғамдық келісім кеңестерінің, Ардагерлер ұйымының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Форумда Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Оралбек Жақиянов, Славян қозғалысының төрағасы Наталья Белик және «Авив» еврей этномәдени орталығының төрағасы Игорь Возчиков мерекемен құттықтап, аға буын өкілдеріне алғыстарын білдірді.

Шара соңында шақырылған қонақтарға естелік сыйлықтар табысталып, мерекелік концерт ұсынылды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға