Жаңалықтар

Таласбек Әсемқұловтың бестомдығы жарық көрді

Таласбек Әсемқұлов
22.09.2016 03:09 6791

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі жазушы Таласбек Әсемқұловтың бестомдық еңбегінің тұсаукесері өтті.

 Таласбек Әсемқұловтың бестомдығы жарық көрді

Таласбек Әсемқұлов – күйші, жазушы, зертттеуші, кинодраматург. Ол әдебиет, музыка, бейнелеу, кино, дәстүрлі өнер, тарих, этнография, мифология салаларында еңбек сіңіріп, соңынан қайталанбас терең әрі мазмұнды еңбектер қалдырып кеткен.

Таласбек Әсемқұловтың бестомдығы жарық көрді

Зира Наурызбаева, Таласбек Әсемқұловтың жары:

— Таласбектің көзі тірісінде жалғыз ғана кітабы жарық көрген болатын. Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен бестомдық еңбегін оқырмандарына ұсынып отырмыз. Бұл еңбектің ішіне оның романдары, аудармалары және киносценарийлері кірді. Өздеріңіз білетіндей, ол қазақша, орысша бірдей еркін жазатын. Сондықтан, оның үшінші томы тек орыс тілінде жазған шығармаларына арналды.    

Таласбек Әсемқұловтың бестомдығы жарық көрді

Аталмыш іс-шараға белгілі ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлері қатысты. Кеш барысында автордың шәкірті Ардаби Мәулет оның күйлерін орындап, Мырзатай Жолдасбеков, Тұрсын Жұртбай секілді белгілі қаламгерлер жазушыны еске алып, сөз сөйледі.

Таласбек Әсемқұловтың бестомдығы жарық көрді

Тұрсын Жұртбай, жазушы:

— Алпыс үш жыл өмірімнің қырық жылын Таласбекпен бірге өткіздім. Ол елге алдымен күйші ретінде танылған. Кейіннен мен оның жазған еңбектерін оқып, оның осы талантын ерекше бағаладым. Бір жас бала үлкен эпостың ішіне кіріп Алпамыс пен Қобыландыны жанында жүргендей суреттегенін көргенде — таңғаласың. Оның жүрген жерінің бәрі кұбылыс еді. Жерде жатқан түйменің өзін әңгімелегенде ерекше құбылысқа айналдыратын. Сондықтан мен үшін Таласбек үлкен бір эпикалық тұлға!  

Таласбек Әсемқұловтың бестомдығы жарық көрді

Биыл мемлекеттік тапсырыспен жоспарланып отырған көптомдықтың «Қазақ энциклопедиясы» баспасында бес томы жарық көрді. Баспа басшысының айтуынша, келесі жылға дейін тағы бестомдығы жарық көрмек. Қазірдің өзінде кітаптың жеті-сегіз томы дайын.     

Таласбек Әсемқұловтың бестомдығы жарық көрді

Белгілі сыншы Әлия Бөпежанова Таласбек туралы былай жазады: «Ұлттық топырағы мықты, өмір бойы өзін-өзі баптап, тәрбиелеген, халық даналығы мен бүкіл жеті ғаламның  білім-ілімін бойына жинаған және жинағанының бәрін кәдеге жаратып, ұлтына, туған халқына қызмет етудің биік үлгісін көрсетіп  өткен,  халқын сүйетін, тарихын, өнерін қастерлейтін,  білімге құштар әрбір жас пен жасамыстың досы болған үлкен тұлға...

Таласбек Әсемқұловтың бестомдығы жарық көрді

Таласбек шығармашы­лығы­ның даралығы – оның қай саладағы еңбек­терінде де   ғылыми негізділік және еркін сұхбаттастық қатар өріліп отыратындығы екенін қадап айтуымыз керек. Қай тақырыпта, қай салада жазса да тізгін бермес тұлпардай жүйткіген оның жазуын­дағы тағы бір ерекшелігі – балаға да, данаға да түсінікті қарапайымдылығында. Нұрлы білімімен қатар заманға сай ойшыл­дығында. Бүгінгі заманның мәдени-рухани ахуалын зерде­лей, конструкциялай білетін жаңашыл­дығында. Яғни,  жаңа мағыналар тудыра алғандығында».

Осыған дейін жазушының жары Зира Наурызбаева El.kz сайтына берген сұхбатында «қазіргі уақытта басты мәселе — Таласбектің еңбектерін жарыққа шығару» деген болатын. Сұбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.  


Рүстем ӘЛПИ 

Фотограф — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға