Жаңалықтар

«Талақ» фильмі Шанхай кинофестивалінде үздік шықты

«Талақ» фильмі Шанхай кинофестивалінде үздік шықты
Фото: Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 23.06.2024 18:16 639

Қазақстандық тағы бір көркем туынды халықаралық кинофестивальде топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының мәліметінше, «Талақ» фильмі Шанхай кинофестивалінде «Алтын кубок» алды.

Шанхай фестивалінен жағымды жаңалық бар! Данияр Саламаттың Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірген «Талақ» фильмі Шанхай фестивалінің толықметражды фильм номинациясының «Алтын кубогын» иеленді. Әлемнің үздік 14 фильмінен озып, жеңімпаз атанған шығармашылық топты құттықтаймыз! - делінген мәліметте.

Шанхай фестивалі – «А» санатына жататын он фестивальдің бірі.

«Талақ» фильмі Шанхай кинофестивалінде үздік шықты

Сурет: Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы

«Талақта» басты рөлді Ерболат Әлқожа сомдаған.

«Талақ» фильмі Шанхай кинофестивалінде үздік шықты

Сурет: Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға