Жаңалықтар

"Талақ деп тастап кететін еркектер көп". Дина Төлепберген қоғамдағы маңызды мәселені көтерді

"Талақ деп тастап кететін еркектер көп". Дина Төлепберген қоғамдағы маңызды мәселені көтерді
Фото: Видеодан кадр 15.12.2023 10:36 1880

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген қоғамдағы өзекті проблемалардың бірі "талақ айтуға" қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналиске оқырмандарының бірі "күйеуім үш рет талақ айтты, барар жерім жоқ, үйді босатуға міндеттімін бе?" деп сауал жолдаған.

Талақ деген сөзді хабарыма келген келіншектерден жиі еститін болдым. Біздің зайырлы қоғамдағы заңымызда мұндай ұғым атымен жоқ, сондықтан күйеуіңіз 3 рет, тіпті 30 рет тақылдап талақ айтса да, сіз үйден кетуге міндетті емессіз. "Талақ айттым" деп тастап кететін еркектерге де алтын сырға. Жұбыңыз жараспаса, заңмен шешіңіз. Ажырасудың АХАЖ бөлімі арқылы жасалатын өзінің процесуалдық рәсімі барын ұмытпаңыз. Ал некеңіз ресми жойылған соң, үйленгеннен кейін алынған дүние-мүліктің бәрі де теңдей бөлінуі керек. Еркектер, талақ айтып, оп-оңай тастап кетемін деп құтырмаңдар, - дейді ол видеода. 

Ол заңда "талақ" деген ұғым жоқ екенін атап өтті.

"Талақ, талақ, талақ... деген үш сөздің неге біз үшін мәні бар болып қалды? Кезекті "Сіңіліме сыр" айдарында осы "талақ" тақырыбын қозғауды жөн көрдім. Шыны керек, өзім осы талақ десе, қатты ашуым келеді екен… Әйелдер-ау, сіңлілерім, біз діни емес, зайырлы мемлекетте тұрамыз. Ата-заңымызда "талақ" деген ұғым түгілі, сөз де жоқ. Сондықтан, бос сөзге бас ауыртпаңдар, - деп жазды журналист.

Айта кетейік, бұған дейін тележүргізуші Дина Төлепберген тұрмысқа шыға алмай жүрген қыздарға кеңес берген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға