Жаңалықтар

Талапкерлер үшін ҰБТ сұрақтары мен жауаптарын ұсынамыз!

Қазір «El.kz» сайтына мемлекеттік және орыс тілдерінде 13 пән бойынша 2014 жылғы ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны 260 нұсқасы орнатылды.
07.11.2014 11:37 70947

Талапкерлер үшін ҰБТ сұрақтары мен жауаптарын ұсынамыз!

«El.kz» интернет жобасы 2012 жылдан бастап жастардың танымын арттыратын, білімін жетілдіретін алаңға айналды. Әсіресе, мектеп бітіруші түлектердің дені 2012 жылдан бастап сайтымызға тіркеліп, белсенді түрде ҰБТ-ға дайындалып жүр. Өткен жылы «El.kz» сайтындағы ҰБТ сұрақтарын 45 мыңға жуық талапкер пайдаланып, дайындығын пысықтады.

«El.kz» сайтындағы ҰБТ сұрақтары сіздің ешкімнің көмегіне жүгінбестен дербес тест сұрақтарын жаттап, оның дұрыс нұсқасын анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ, сіз жауап беру арқылы маңызды сынақ алдындағы өз дайындығыңыздың қаншалықты деңгейде жоғары екендігіне көз жеткізесіз.

Қолданушылар сайттың қызметін пайдалана отырып, 13 пән бойынша өздерінің дайындығын пысықтап отырады (қазақ тілі, Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, дүние жүзі тарихы, география, биология, химия, физика, алгебра ).

Қазір «El.kz» сайтына мемлекеттік және орыс тілдерінде 13 пән бойынша 2014 жылғы ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны 260 нұсқасы орнатылды.

Ескере кететін бір жәйт, ҰБТ тапсырмаларын пайдалану үшін «El.kz» сайтына тіркеліп, электронды поштаңызды растау қажет.

Жыл сайын ҰБТ сынағына қатысушыларға осындай мүмкіндік жасап, талапкерлердің дайындық жүргізуіне мұрындық боп, ҰТБ тапсырмаларын (тест сұрақтары мен жауаптарын) El.kz сайтында орналастыруға рұқсат берген ҚР Білім және ғылым министрлігіне алғысымызды білдіреміз!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға