Жаңалықтар

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

«Ел.кз» интернет-жобасының оқырмандарына арнап журналист Досжан Балабекұлы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылының Құдыс Әбсәметов атындағы орта мектебінен танымдық фоторепортаж ұсынады.
05.06.2015 12:56 11020

Журналист Досжан Балабекұлы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылының Құдыс Әбсәметов атындағы орта мектебінен танымдық фоторепортаж ұсынады.

Қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаевтың өзі білім алған орданың тарихы тереңде жатыр. 1917 жылдың қыркүйек айында №1 Қарғалы мектебі Фабричный жұмысшыларының балаларын оқытатын 2 жылдық бастауыш болып ашылған. Алғашқы фабрикант Шахворостов бір бөлме әзірлеп, мектеп сонда орналасады. Бұл мектептің алғашқы мұғалімі Верный қыздар гимназиясының тәрбиеленушісі Мария Дмитриевна Середина болған.

Мектептің бірінші сыныбында 20 оқушы оқыды. Ал 1927 жылы арнайы 120 орындық мектеп үйі салынды. 1927 жылы Қарғалы бастауыш мектебі ашылды. Оқушы саны 50 шамасында болды. 1927 жылы Қарғалы бастауыш мектебі жетіжылдық мектепке айналады. 1927-1928 оқу жылдарында 150 оқушы білім алды. 1929 жылы жетіжылдық мектеп тұңғыш түлектерін шығарды. Бұл мектеп тарихынан алғашқы бөлігі ғана. Қаншама оқушыны білім нәрімен сусындатып, Талғаттай перзентті биікке ұшырған білім ордасының әрқашанда мерейі үстем болмақ.

«Құдыс Әбсәметов атындағы орта мектебі»  мемлекеттік мекемесінің сыртқы көрінісі. Бұл Қарғалыдағы 5 мектептің біріншісі болып саналады. 

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

«Құдыс Әбсәметов атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің директоры Ұлар Мылтықбаева: «Мектебіміз осыдан 2 жыл бұрын  мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, толықтай күрделі жөндеуден өтті. Бізде заманалы кабинеттер бар. Атап айтар болсақ, мультимедиалық кабинет негізінде физика және химия, биология кабинеті жабдықталып үлгерді. Жақында ғана мектебімізге Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай, Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек ері, Қазақ ССР «Халық ағарту ісінің озық қызметкері», КСРО ағарту ісінің үздігі Құдыс Әбсеметовтың есімі берілді.  Дәл осы алтын шаңырақ 2017 жылы өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтпек. 

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Мектеп директорының орынбасарлары оқу маусымының қорытындысын шығарып, мереке күнінде де қызу еңбек үстінде.

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Мектеп оқушылары ұстаздарына гүл шоғын сыйлауда.

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Бізге мектеп директоры Ұлар Мылтықбаева мектептің жеткен жетістіктерін таныстырып жатыр.

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Ұстаздар бөлмесінде жылдық қорытынды жүргізіліп жатыр. Суретте солдан оңға қарай: математика пәнінің мұғалімдері Ұлбосын Бегеева мен Альмира Ошақбаева және мектептің зейнеткер ұстазы, бұрынғы директоры Анара Смағұлова.

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Мектепті ұзақ жылдар басқарған ұстаз Анара Смағұлова

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Мектепте ерекше бір дәстүр қалыптасыпты. Егер оқушы облыстық, републикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орын алса, оның үлкен суреті қабырғаларда арнайы түрде ілінеді екен. Бұл оқушыларды білімге шақырып, биікке тәрбиелесе керек.

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Мектеп түлегі Талғат Мұсабаев оқушылармен бірге

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Мектепте «Әсем саз» атты жас домбырашылар үйірмесі ашылған.  Үйірме мүшелері жарыстарда үнемі жеңіс биігінен көрініп келеді.

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Бұл білім ордасының акты залы 

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Социалистік Еңбек ері, ҚазССР «Халық ағарту ісінің озық қызметкері», КСРО ағарту ісінің үздігі Құдыс Әбсеметов атындағы мектепте арнайы мұражай да ашылды. Мұражайда мектептке қатысты құнды деректер, мұрағаттар және Құдыс Әбсеметовтің соғыста пайдаланған заттары, естелік жазбалары сақталған.

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Бізді бұл мектеп ішіндегі мұражаймен Мейрамкүл Антипова таныстырды.

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Тарихыңды білу келешекке деген жарқын көзқарасты қалыптастырады. Өз туған жерінің, өлкенің тарихын тану – бұл ұлтжандылық. Әр ұрпақ үшін қажет болар құнды дүние де осы мұражайда сақтаулы.

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

25 жылдық еңбек өтілі бар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлбаршын Нұрбаева. 

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

2012 жылы облыс көлемінде «үздік  ауыл мектебі» атанып, 2 дәрежелі диплом алып, облыс әкімінен 200 000 теңге сыйақы алған. 

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж

Сөз соңында айтарымыз, аудандағы белді мектептердің қатарындағы білім ордасында 80 мұғалім қызмет атқарса, оның 55 %  жоғары және бірінші санатты. Дәл осы мектептен биыл 38 бала мектеп табалдырығанан түлеп ұшқалы отырса, оның 19 ҰБТ емтиханында бағын сынайды, 2 оқушы алтын белгіге үміткер қатарында. Үміткер түлектер ҰБТ-да физика мен биология пәндерін таңдап, мамандықтарына үмітпен қарап отыр. Және дәл осы күні мектепке  5 жыл бұрын түлеп ұшқан түлектер келіп, ұстаздарымен сағына қауышты.  

Талғат Мұсабаев оқыған мектептен арнайы фоторепортаж


Досжан Балабекұлы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға