Жаңалықтар

Таиландта қазақстандық турист мерт болды

Таиландта қазақстандық турист мерт болды
Фото: pixabay.com 06.08.2024 13:47 757

Таиландқа демалуға барған 57 жастағы қазақстандық суға батып, мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, оқиға 31 шілдеде Карон жағажайында болған. Полиция турист қонақүйге орналасқаннан кейін теңізге қарай кеткенін айтады. Сағат 14.50-де тәртіп сақшыларына жедел жәрдемнен хабар түскен.  

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан адамның қазақстандық екенін растады.

Әзірге қосымша ақпарат жоқ. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға