Жаңалықтар

Таиландта 18 жастағы қазақстандық азамат суға батып қаза тапты

Таиландта 18 жастағы қазақстандық азамат суға батып қаза тапты
Фото: Ашық дереккөзден 03.09.2023 12:22 1212

Таиланда теңіз аумағынан демалып жүрген қазақстандық 18 жастағы азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап. 

Сонымен бірге, қайтыс болған адам алдымен Ресей азаматы екені айтылған. Жоғалған турист ұзақ уақыт бойы іздестіріліп, ауа-райының қолайсыздығына байланысты іздеуді тоқтатуға мәжбүр болған жайттар болды.

Соған қарамастан, тайландтық құтқарушылар марқұмның денесін тауып, ол Пхукет аралында теңізге батып кеткені айтылды.

Жергілікті билік бұл ресейлік турист болуы мүмкін екенін айтып, болжам жасаған. Кейін бұл ақпарат расталмады. Сонымен қатар, ҚР СІМ қаза тапқан адамның қазақстандық екендігі туралы ақпаратты әлі растамады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға