Жаңалықтар

Тағы да білім беру саласы: Ақмола облысында бухгалтерлер 83 млн теңгеден астам қаржы жымқырды

Тағы да білім беру саласы: Ақмола облысында бухгалтерлер 83 млн теңгеден астам қаржы жымқырды
Фото: ©El.kz 10.07.2023 12:35 1436

Ақмола облысының білім беру бухгалтерлері аса ірі мөлшерде ақша ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, Бұланды балабақшасының бухгалтері кәсіпкерлермен ойдан шығарылған мәмілелер жасай отырып, туыстарының шоттарына ақша аударған.

Ал аударымдардың шынайылығын көрсету үшін бухгалтер тауарларды жеткізуге келісімшарттар жасалған кәсіпорындардың атауларын көрсеткен.

Бұған дейін Жетісуда балабақша бухгалтері 40 миллионға жуық ақша жымқырғаны туралы жазғанбыз. Қазақстанда жемқорлық жайлаған салалардың ішінде білім беру саласы топ басында тұр.

Оқи отырыңыз:

Прокуратура банктік шоттар оның жақын туыстарына рәсімделіп, бухгалтер жұмыс істеген кезеңде барлығы 47 млн теңге аударылғанын айтады.

Осыған ұқсас тағы бір жағдай Степногорск қаласы мектептерінің бірінде болды. Тергеу нұсқасы бойынша бухгалтер өз шотына 36 млн теңге жалақы ретінде аударған.

Осы фактілер бойынша қылмыстық істер ҚК-нің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде ұрлау) бойынша тіркеліп, Ақмола облыстық прокуратурасының арнайы прокурорларымен және Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен тергелуде, - делінген мәліметте.

Осы бап бойынша жаза белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға