Жаңалықтар

Тағы бірнеше өңірдегі жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Тағы бірнеше өңірдегі жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: ҚазАвтоЖол 07.01.2025 19:00 388

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің тағы бірнеше өңіріндегі жол учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"ҚазАвтоЖол"  деректері бойынша қар, боранға байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде (Ұлытау, Қостанай, Жамбыл, Түркістан) және облыстық трассалардың 3 (Жамбыл - 1, Қостанай - 2) учаскесінде автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.

Ал 7 қаңтар сағат 20.00-ден бастап тағы екі өңірдегі жол учаскелері жабылады. Атап айтқанда:

Қостанай облысында:  
- «Жезқазған-Петропавл» автожолының 339-377 шақырым аралығында (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін);

Ақмола облысында: 
- «Жезқазған-Петропавл»  377-440 шақырым, (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін);

Осыған байланысты ТЖМ жүргізушілер мен жолаушыларға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді: 
- Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар.
- Ауа-райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар.

Айта кетейік, автожолдардағы қозғалыстың шектелуі туралы ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтындағы "Шұғыл ақпарат"   бөлімінен көруге болады. Сонымен қатар 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға