Тағы бір қазақстандық боксшы Азия чемпионы атанды
Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті
Фото: sports.kz
Фото: sports.kz
25.01.2023 16:35
1063
Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Гүлсая Ержан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жылы Иордания астанасы Амманда ересектер арасында күміс жүлдеге қол созған Гүлсая Ержан 81 келіге дейінгі салмақта финалда шаршы алаңның иесі, таиландтық Порниппа Чутимен рингке шықты.
Төрешілердің есебі – 3:2, Гүлсая Ержанның пайдасында.
Осылайша, Қазақстан қыздар құрамасы Азия біріншілігінде 2 алтын, 7 қола медальді жеңіп алды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы алтын түсті
Келесі жаңалық
Үш айда республика бойынша 69 есірткі зертханасы жойылды