«Тағы бір ана ДНҚ тапсырды». Арқалық перзентханасында баласын тастап кеткен аналарға іздеу салынады

«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан тағы бір болжамды ананың анализ тапсырғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ анасын іздеген Жәнібектің ресми өкілі Қымбат Досжан Арқалық перзентханасында босанған келіншектерге хабарландыру жасады.
Мына ақпаратқа назар аударыңыздар, құрметті келіншектер, ер-азаматтар. Егер сіз, 2001-2003 жылдары Арқалық қаласының перзентханасында босанып, қолхат жазып, баладан бас тартып немесе қашып кеткен болсаңыз, анонимді түрде анализ тапсыра аласыздар, - деп жазды журналист Қымбат Досжан.
Жәнібектің қазіргі құжатында ЭддиЖан деп жазылған. Ұлты – қазақ, 2002 жылдың 17 қаңтар күні Арқалық қаласында дүниеге келген. Арқалыққа арнайы барған «Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан қазір он шақты әйелге күдік түсіп тұрғанын айтқан еді. Сондай-ақ баланың әкесі болуым мүмкін деп ер адамның тест тапсырғанын айтқан еді.
