Тағы 4 өңірде жолдар жабылды - ҚазАвтоЖол

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ еліміздің тағы 4 өңірінде ауа райы қолайсыздығына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облысы:
10 қарашада сағат 19:30-да Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Өскемен" автожолының 615-967 шақырым аралығында (Жетісу облысының шекарасы - Қалбатау ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жетісу облысы:
10 қарашада сағат 19:30-да Жетісу облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Өскемен" автожолының 585-615 шақырым аралығында (Үшарал қаласы - Абай облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Екі өңірдегі бұл трассаларды 11 қараша сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Қарағанды облысы:
10 қарашада сағат 20:30-да Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1353-1426, 1426-1446 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін, Теміртау төлемақы алу пунктінен Теміртау қаласына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Ақмола облысы:
10 қарашада сағат 20:30-да Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты Ақмола облысында "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1291-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Бұл жолдар 11 қараша сағат 08:00-де ашылады деп күтілуде.
