Жаңалықтар

Тағдырға мойымаған Бектұров

Жaйық Бектұpовтың журналистік қызметі
Тағдырға мойымаған Бектұров
08.04.2017 12:25 8196

Журнaлиcт, жaзушы, Қapaғанды қaласының құpметті aзаматы Жaйық Кәгенұлы Бектұpов 1912 жылы 10 маусымда Aқмoлa уезінің Мoншақты болысында (қaзіргі Aстaнa облыcы, Алекcеев aуданы, “Үрпі” aуылы) тyған. 1928 жылы ҚAССР-нің Хaлық aғapту комиccариaтының мұғалімдеp куpсын бітірген соң, Aтбаcaр қaласында мұғалім бoлғaн. Oл 1934 жылы Қaзaқ коммунистік университетін, aл 1955 жылы Қaзақтың мемлекеттік университетін бітірген.

Жайық Бектұpов 1932-1937 жылдaры комсомол қызметінде болғaн, 1937-1939 жылдары республикaлық «Лениншіл жас» жастaр гaзеті редакторының орынбасaры, «Социaлистік Қазaқстан» газетінің бөлім меңгерушісінің орынбaсары міндеттерін aтқарғaн. 
1939-1940 жылдaры Жaмбыл облыстық гaзетінің жaуапты редакторы, aл соғыс басталғандa дивизиялық газетінің редакторы болғaн. 
1942 жылы мамыр айында Ж.Бектұров қамауға алынып, КСРО НКВД-сінің айрықша кеңесінің шешімімен РФСР Қылмысты істер кодексінің 58-ші бабымен сырттай он жылға кесіліп, Солтүстік Оралға жер аударылды. Жабылған жала тек қана 1955 жылы ҚазССР Жоғарғы сотының Президиумының шешімімен күшін жойып, ал 1989 жылы түбегейлі ақталды. Жайық Кәгенұлы елеуінші жылдары педагогикалық қызметте болды. 1958 жылдан бастап 1989 жылғы қыркүйекке дейін ол Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Қарағанды облысаралық бөлімінің жауапты хатшысы болды. 
КСРО Жазушылар одағының, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, КСРО және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Бүкілодақтық географиялық қоғамының мүшесі, партия мен еңбек ардагері Ж.К.Беқтұровтың қоғамдық және әдеби өмірдегі еңбегі оған атақ-абырой әкеліп, жұртшылықтың құрметіне бөледі.

Публицист Ж.К.Бектұров өзінің ауқымды да бейнелі сөздерімен Орталық Қазақстанның көптеген фактілері мен тарихи оқиғаларын көпшіліктің жадында қалдырды. 
Ол республиканың әдеби ортасында кеншілер өлкесінің қалыптасуы мен дамуының, оның орталығы – Қарағандының шежіресін жазушы ретінде белгілі. 
Ж.К.Бектұров өзінің шығармашылық және ұйымдастырушылық таланты арқылы облыс пен республиканың мәдени өміріне үлкен үлес қосты. Ол Қарағанды және Қарағанды облысының энциклопедиясын жасаушылардың бірі болды. 
Оның көп жылғы әрі тынымсыз еңбегі көптеген үкімет наградаларымен марапатталған. 1977 жылы “Жол жоралғысы” деген кітабы шықты. Бұл жинаққа қаламгердің Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Г.Потанин, қобызшы-жыршы Н.Атабеков жайлы тарихи-көркем очерктері енгізілген. Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін қажымай жинап, бастырудағы еңбегі өз алдына бір сала. Ж.Бектұров Абай, Сәкен, Бейімбет, Саттар, Әбділдә, Тайыр, Ғабиден, Зейін және өзге де қазақ ақын-жазушылары жайында көптеген сын мақалалар жазған. Жазушы басқа ұлттар әдебиетінің озық үлгілерін қазақ оқырмандарына танытуда көп жұмыс тындырды. Ж.Бектұровтың өрнекті тілімен қазақшаланған Г.Серебрякова, Петефи, Дефо, Гашек, Л.Пантелеевтің шығармаларын оқырмандар жылы қабылдаған. Облыстық “Орталық Қазақстан” газетінің бетінде жазушы Азия, Африка елдері қаламгерлерінің бірнеше әңгімелерін аударып бастырған. Кейінгі жылдары, яғни 1991 жылы “Өткел” өлеңдеp жинaғы, aл 1997 жылы “Қaзaқстан” бaспасaнан “Тaңба” атты кітабы жарық көрді. Бұл кітап еліміздің шежіресіне қара таңба болып басылған отызыншы-қыpқыншы жылдаpдағы саяси қуғын-сүргіннің алапат ашы шындығы жайында, сол нәубеттің құpбаны бoлған тұғыpлы тұлғалаp, талайлы тағдырлар жайында баян ететін туынды. Мұның жарық көруінің арасы 40 жылдай уақыт созылған екен… Сол қыpғынның өзі де куәсі болған, кезінде жазықсыз танылған кесірінен жапа шегіп, жалынды жастық жылдарын айдауда, азап лагерьлерінде өткізген ардагер жазушының аталмыш романы авторы іспеттес қилы қияметтерді бастан кешіріп барып, кейінде ғана оқырмандарға жол тапқан. Жалпы бұл шығарма азап лагеріндегі өмірді қазақ әдебиетінде бейнелеген тұңғыш еңбек. Сол жылы Медицина ғылымының докторы, профессор М.Әлиакпаровтың “Жайық мінген қайық” кітабы Қарағанды қаласының “Қазақстан” баспасынан шыққан. М.Әлиакпаровтың бұл кітабы Ж.Бектұровтың тар жол, тайғақ кешулерге толы өмір өткілдеріне арналған. Автор мен кітап кейіпкері арасындағы сырлы сұхбатта зұлмат жылдардың зобалаңы, қазақ халқының басына қолдан жасалған нәубет зардабы бүкпесіз баяндалады. Сонымен қатар кітапқа жасы сол кезде сексен беске келсе де қаламы қолынан түспеген Ж.Бектұровтың сталиндік зұлматты ашық әшекерелейтін бірқатар поэмалары мен өлеңдері енгізілген. 
1998 жылы 26 наурызда сексен алты жасқа қараған шағында журналист, жазушы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Ж.К.Бектұров өмірден өтті.

Майталман қаламгер жайында Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары белгілі жазушы Ғалым Жайлыбай байлай дейді:  «Жайық Бектұровтай болмы­сы бөлек тұлғаны көзімізбен кө­ріп, өнегесін алған ұрпақпыз. Аза­маттық табиғатына сы­зат түсір­мей өмірден өткен ба­уырмал аға­мыздың өзінен кейінгілерге деген қамқорлығы да, көңілі де ерекше еді. Өмір жолында тағдырлары түйіскен адамдардың барлығы да осынау бір абзал ағаның адам­гершілігін жоғары бағалайды.

Кеңес үкіметі құлаған соң көп классик жазушымыздың шы­ғар­малары бүгінгінің кебіне кел­мей, кешегінің белгісі бо­лып қана қал­ды. Ал Жайық Бек­тұровтың діт­тегені осы шақта да құнды һәм қызықты. Оның романдары мен поэ­маларында қызыл империяның қылмысы әшкереленген. Ол Ке­ңес үкіметінің құрылғаны мен құ­лағанын өз көзімен көрді. Сол жылдарды жазды. Жырлады. Та­рихын танығысы келген жас ұрпақ Жайықтан келіп сусындап, кешегі күннен өнеге алары хақ. Жайық неге бұлай десеңіз, оның әуелде қалыптасқан тұ­сына ой жүгіртіңіз. Алаштың біртуар арыс ұлдары Сәкен, Бейімбеттердің көзін көр­ді. Сол ұлтшыл тұлғалардың ұс­танымын бойға сіңірді.

Ұлт зиялыларының қасында жүр­гені үшін Жайық жазасыз қал­ған жоқ. Сталиннің жандайшап  жен­деттері қолдарынан келген­ді жасап бақты. Көргені қара қапас, қара түн. Ағаларына іле­сіп Алаш деп атқа қонғанын кешпеді. 1942 жылдың басында №105 кавалерия дивизиясының «Қызыл семсер» атты газетінің редакторы болып жұмыс істеп жүргенінде НКВД тұтқынға алды. Соңынан 10 жылға бас бос­тандығынан айырылып, Сверд­ловск облысындағы Ивдел­лагқа айдалды.

Жалпы, Жайық ағамызды жа­­зушы еткен тағдыры. Оның маң­­дайындағы махпуздың өзі бір­неше томдық романға ар­қау бо­ларлық. Сталин лаге­рінде өткізген жылдары мен лагерь өмірі туралы, текті ұл­дарымызды жойған ге­ноцид жө­ніндегі романын Жайық Бектұров 1940 жылдан бері жаза бастаған болатын. Осы шығарма 1989 жылы жарыққа әрең шық­ты. Бұл кітап үш бөлімнен тұ­ратын «Төгілген ар» романы еді. Осы кітапты оқи отырып қа­зақ хал­қының қасіретін, мұңын кө­ресіз. Отаршыл империяның оз­быр­лығын, Кеңес Үкіметінің қа­зақ халқына қылған қастығын бай­қайсыз.

Жайық ағамызға Тәңір сый­лаған бір ерекше қасиет бар. Ол – қанша жыл өтсе де, болған оқи­ғаны күні тұрмақ, сағатына дейін есте сақтайтын зер­десі. Бектұровтың өзге қатарлас­тарынан басым тұсы осы. Ба­сынан өткен не бір зұлмат жыл­дарды романына арқау ет­кенде оқиға өрісін өмірдің өзінен суыртпақтаған. Айна қатесіз кө­шір­ген. Сондықтан да, оның шығар­малары шынайылығымен құнды. «Таңба» аталатын туын­дысы – жа­зушының өз тағдыры.

Жайық ағамыздың Алаш зия­лыларын ақтауға қосқан үле­сі зор. Қазақстанға жеткен жария­лылықтың алғашқы сәтінде «Қазақ әдебиеті» газетіне «Аға­лардың жазығы не еді?» деген мақаласын жариялады. Мұнда кеңес өкіметін орнатқан, оның шаңырағына ал­ғашқы уықты қадаған азаматтар Сәкен Сей­фуллин, Бейімбет Май­лин, Ілияс Жансүгіров, Тұрар Рыс­құ­лов, Смағұл Садуақасов, Ораз Жандосов, Әбілқайыр До­сов, Жа­найдар Сәдуақасов, Қабыл­бек Сармолдаев, Нығмет Сыр­ғабеков, Нығмет Нұрмақов сын­ды көптеген ағалардың ғиб­ратты өмірінен, то­лымды ой-пікірлерінен мәнді кө­ріністер жа­сап, көпшілікке ой салды. 1988 жылы «Жалын» жур­на­лының екі санында (№ 3, 4) «Сәкеннің соңғы сәттері» аталатын деректі хикаясы жарияланды. Бас­па­сөз беттерінде жарияланған ма­қалалары мен естеліктерінде кеңестік дәуірдің айқын бейнесі бар. Шәкәрім өліміне бай­ла­ныс­ты «Ақын мен арамза» поэ­масын жазды. Жақаңның шығар­маларын оқи отырып, ұлт зия­лыларының прототиптерін тап басып танисыз. Сонымен қатар, жазықсыз жа­па шек­кен­дерді қызғыштай қоры­ған азаматтығына тәнті бола­сыз. Себебі, аумалы-төкпелі за­ман­да сталиндік репрессия құрбан­дарының атын атаудың өзі қауіпті болатын.

Жақаң – өзіндік жазу стилін қа­­лып­тастырған, өзінің пози­ция­сын танытқан жазушы. Та­лай жас өркенге үлгі, өнеге бол­ды. Жақаңды өзіне ұстаз са­найтындардың бі­рі – белгілі қа­ламгер Әзілхан Нұр­шайықов. Ол ұстазына жазған бір хатында: «Сіз менің үнсіз ұс­таз­дарымның бірісіз ғой. Ал мен сіздің кө­кейдегі ой, көмейдегі сөзіңізді айт­қызбай ұғуға ұм­тылып, та­лантты шәкіртіңіз бо­луға тырысқандардың бірімін. Ұс­таздың үмітін ақтау оңай жүк емес. Ақтадым ба, жоқ па оны біл­меймін. Бірақ, ұстаз өнегесін орын­дауға үнемі тырысқаным хақ, әлі де тырбана берерім аян...» де­ген екен.

Жақаңның Ивделлагтағы өмі­рі мен сол жылдары басынан кеш­кен тауқыметтері оның «Этап», «Сі­бір­де» поэмасында, «Ыс­тық кар­церде», «Тайгадағы қысқы суық кар­церде» өлеңде­рінде және та­ғы да басқа шы­ғармаларында су­реттелген. Қа­зақ КСР НКВД-сінің Алматы қаласы ішкі түрмесінде Жа­йық Бектұровтың қандай азап тартқаны туралы газет-жур­нал беттерінде жарияланған мақа­лалардан оқып білуге бо­лады. Бұрынғы Республика про­куроры Ғ.Төлегеновтің «Пара­сат» жур­на­лында жарық көрген хабар­ламасы, 1990 жылғы 2 қа­ра­шада «Казахстанская прав­да» газетінде жарияланған Қа­­­­­зақс­тан прокуратурасы ап­па­­­ратының қызметкері А.Жев­ля­ковтің «Агентурное дело» на­ционалистов» деген соттық очеркі, сондай-ақ, Мәскеуде шық­қан «Бе­рия: конец карьеры» де­ген кітапта Жәкеңнің азапты жылдары жазылған.

Жайық – қазақтың ұлы, қа­зақтың Жайығы! Ел үшін езгіні көрді, ең­сесі түскен жоқ.  Халқы үшін қа­мауда болды, қары сынған жоқ. Жайықтың аты Алаш тарихында алтын әріптермен жазылары сөз­сіз».

Ал, даңқты жазушы жайында жерлесі Н.А. Аяған: «Арыс азаматымыз Жайық Бектұров Ежелден Моншақты атанған Ақкөл атырабындағы табиғаты көркем Аманкелді ауылында кіндік қаны тамып, табан ізі түскен құтты мекенде дүниеге келген. Ауыл молдасынан білім алып Жайық ағамыз 1930-1931 жылдары Қарағанды обылысы Нұра ауданында еңбек жолын мұғалім болып бастаған. 1934 жылы Алматыдағы Қазақ коммунистік университетінің газет бөлімін бітірген соң Қазақ өлкелік, Оңтүстік Қазақстан обылыстық комсомол қызметтерінде қызмет атқарады. 1937-1942 жылдар арасында «Социалистік Қазақстан» газетінде тілші қызметін атқарған. 1958 жылдан бастап ұзақ уақыт  Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды обылысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы болып, бұл қызметте 32 жыл жұмыс жасаған. «Жайық кім?» деген  сұрақ қойушылар да табылар, бұл сұраққа былай жауап берген жөн деп санаймын: Ол-өз кезегінде қоғамдағы қордаланған  мәселелерді мерзімді баспасөз беттеріне жариялаған публицист; тарихи мәліметтердің анығын сараптаған шындыққа орайлысын, жақынын нақты білген шежіреші; ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтаған зерттеуші; географиялық, топанимикалық атаулардың мән-мағнасын анықтап хаттаған географ; заман келбетін зерттейтін мағнасы терең, тәлімі жоғары мақалалар жазған очеркші; ойы жинақтылығымен, тіл шеберлігімен ерекше аталатын ақын; қазақ әдебиетінің қалыптасып, молығуына әсері бар дүние жүзіне әйгілі танылған шығармаларды аударған аудармашы; өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап, өмірінің соңына дейін әдебиет саласында қаламы қарымды болған қаламгер;  Алғашқы әдеби сын мақалалары, эсселері, өлеңдері 1928 жылдан баспасөз беттерінде жариялана бастады деген деректертерде бар. Асыл азаматымыз Л.Пантелевтің хикаяттарын,  Д.Дефоның «Рабинзон Крузо» романын, Г.Серебрякова, Ш.Петефи, тағы басқалардың шығармаларын тәржімалаған. 1977 жылы баспадан «Жол жоралғысы» деген жинағы шыққан. Бұл кітапшада Ш.Уалихановтың «Қашқария сапары», Ы.Алтынсариннің өміріндегі елеулі табыстары жайлы деректі очерктері кірген. Кенесары, Наурызбай ақиқатына арналған «Дәлел мен дерек» құнды еңбегі. «Атыңнан айналайын, туған жер» атты көлемді мақаласы, ондағы Ақмола өңіріндегі жер-су аттары, ел тарихы жөніндегі салиқалы ой-пікірлері, «Нәубет» деп аталатын колективтік жинақта «Қайран абзал ағалар» деген очерк жарияланды. «Бес арыс» деген кітапта Ж.Бектұровтың әдеби зерттеулері мен естеліктері бар. Ақмола өңірінің жер-су аттары туралы мақалалары ұшан қиырсыз.Жайық Кәгенұлының еңбектерінің библиографиялық көрсеткіші бойынша 500 ден  аса мақаласы бар, ол кісі жайлы 70 тен аса тарта баспасөзде мақалалар шыққан. Жайық Бектұров жайлы қалам тартқан адамдар арасында академик Ә. Сағынов, жазушы Ә.Тәжібаев, профессор Т.Кәкішов, сенатор Қ.Сұлтанов, ақын Н.Айтов мемлекет қайраткері С.Досмағамбетов тағы басқа белгілі азаматтар бар.

Кеңес өкіметінің қылышынан қан тамып тұрған бұл дүрбелең кезеңде қазақтың арыстарын бірінен соң бірін жойуы жоғарыдан берілген бұйрық екенін және «шаш ал десең бас алатын» шолақ белсенділердің тырнағына асыл азаматымыздың ілігіп еш жазықсыз жапа шекені бәрімізге аян. Аузынан жалыны шығып тұрған НКВД Жайық Бектұровты күтпеген жерден тұтқындап, абақтыдан бірақ шығарған. Сондағы оған таққан айыбы: астыртын ұлтшыл ұйымның ұйымына кірдің, деген жала болатын. Сегіз адамнан тұратын (НКВД жендеттері ойластырылған) бұл топ Кеңес өкіметіне жаулық іс-әрекет жасауды мақсат етіпті-мыс. Түрмедегі тергеушілердің ендігі басты мақсаты «қылмысын» қалайда, қандай әдіспен болса да мойындату еді. Абақтыда текетіреспен өткен азапты сегіз айдың жартысына жуығында «Өлім жазасына» кесілгендер қатарында жалғыз отырған. Шыдамдылық пен сабырлыққа шыдап бақты. Жәкеңнің 80 жылдық мерейтойында  жазушы Мади Хасеновтың мақаласында былай делінген,«Абақтыда шыжыған шілде айында әдейі от жағып, камера ішін қайнатып қойатынын шығарды». Өкімет пен халық алдында өзінің адалдығына кәмәл сенген, Жәкең бұдан да өткен тозаққа да төтеп бере білген. Адамгершілігі мен адалдығына сенімді Алаш азаматтарына қайсар қылмыскерлеррді азаптың әр-түрлі сұмдық тәсілдерді адамның миына кіріп шықпайтын әдістерді қолданған. Тар қапаста отырған қажыраған, шаршаған, шалдыққан тұтқынды қарулы қарауылдар келіп бірінен соң бірі тікесінен тік тұрғызып қоятын, тұрған қалпында кірпік ілсе жаңағы қарауылдар жұдырық астына алып бірнеше тәулік бойы ұйқыдан әбден қалжыратып өз көздегендеріне көндірмек болып жанталасқан, иә бұл Кеңес өкіметінің асылдарымызға қолданған әдіс-тәсілдері екенін тайға таңба басқандай айдан анық. Бұл жерде айта кететін жәйт Жайық Бектұров бірден-бір қуғын-сүргін, зобалаң жылдарынан аман қалып, қайғы-қасіреті жайлы келер ұрпаққа жеткізіп кетті, ал қанашама Қазақ ұлтының бетке ұстар қаймақтары, ұлт зиялыларымыз тар қапаста қорлықпен қаза тапқанын әлі күнге дейін тарих толық ашып бере алмай отыр ол-олма қай жерде жерленгендерінде білмей отырған азаматтарымыз да бар. Өз басым И.Сталиннің қуғын-сүргінін (репресиясын) А.Гитлердің фашизімімен артық болмаса кем демес едім. Дегенменде «Адам- итжанды» деген емес пе, жаны қанша қиналса да Жәкеңді бұл темір қыспақ та иіліктіре алмады. Оған алақандай қағаз ұсынып: соңғы тілегіңді жаз деп шүйліккен. Сонда есеңгіреп тұрған Жәкең халықтардың көсемі атанған Сталин атына былай деп жазыпты. «Я своей жизнью и оброзованием обязан Советской власти. Против Советской власти не совершил никакое приступление. Прошу Вас содействовать моей отправки на фронт». Ағынан жарылу деген осындай-ақ болар. Бірақ қадалған жерінен қан алмай тынбайтын НКВД тергеушілері оған қайдан сенсін. Көп ұзамай сот болып ойдан-қырдан құрастырылған жалған жаза тақты, жаңағы айтқан сегіз адамның үшеуіне ең ауыр жаза ату жазасы кесіліп ал, қалғандарына 10 жылдан кесіп солтүстік Оралдағы легерьге айдатып жіберген. Филология ғылымының докторы Тұрсын Жұртбай Жәкеңнің «Таңба» романының үш томын оқып шыққанын, сталиндік лагерьлердегі жазалау отрядтарының істері шындықпен жазылғанын айтты. Мұндай шығармаларды жазушылар өте сирек. Өмірінің барлық ғұмырын адал, қарымды еңбек еткен қоғам қайраткері Жайық ағамызбен неге мақтанбасқа? Жайық Бектұровтың мынадай өрең өлең жолдары бар:

«Мені іздеп жоқтаушы да табылар деп,

Біраз жұрт сөзімді де сағынар деп,

Сымбатты сәнді мүсін қоймаса да,

Ойлаймын бір тасқа атым жазылар деп....».

Жайық Бектұров өмірі, ерен еңбегі жайлы бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес, ардақты азаматымызды зерттеу, зерделеу, еңбектерін жинақ қылып шығару, жаңғырту барша қазақтың міндеті. Мүмкін кейбіреулер Жайыққа Қарағанды жұрты құрмет көрсетсе, Жайық аға сол қалаға еңбегін аямай сіңірді емес пе деген ойға келер. Жайық Бектұров көзі тірісінде ақ  «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген болатын, алайда Жәкең бір ғана қарағандылықтар үшін емес барша Қазақ халқы үшін жан аямады. Бұған бір мысал Омбы жеріне барып, қазақтың тұңғыш ғалымы ағып ұшқан жарық жұлдызы Шоқан Уалиханов атына сол қаладан бір көшенің атын беруді сұрап шапқыламас еді, бұл дегеніміз нағыз азаматтық Қазақ халқының маңдайына біткен біртуар азамат, халқына деген сүйіспеншілігінде шекара болмаса керек. Жайық Бектұров туған жерім, еңбек еткен жерім деп бөліп жармаған. Соны ұмытпағанымыз жөн, абзал ағайын» дейді.

Гүлім Қуанышова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық
Кенді өңірдің үні