Таеквондошы Батырхан Төлеуғали екі дүркін әлем чемпионына жол берді

Фото: ҚР ҰОК/Сали Сабиров
Фото: ҚР ҰОК/Сали Сабиров
09.08.2024 15:07
488
Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz мәліметінше, ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырхан 1/8 айналымда екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездескен болатын.
Тартысты жекпе-жекте тәжірибелі италиялық спортшы 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетелік, Батырхан Төлеуғали Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас атлет. 18 жастағы спортшының бұл тұңғыш Олимпиадасы.
Бөлісу:
