Жаңалықтар

«Табысын өтірік көрсеткен». Салықшылар блогерлердің ізіне түсті

«Табысын өтірік көрсеткен». Салықшылар блогерлердің ізіне түсті
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 18.02.2025 10:41 455

Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір блогерлер мен танымал тұлғалардың табысын жасырып, салық төлеуден жалтарып жүргенін анықтады. Түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салық декларацияларымен салыстыра келе, 594 тұлғаның 53,3 миллиард теңге көлеміндегі кірісі салық есебіне сай келмейтіні белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Анықталған заң бұзушылықтар негізінде осы жылдың 13-14 ақпанында табысын төмендетіп көрсеткен тұлғаларға камералдық бақылау хабарламалары жіберілді.

Комитеттің мәліметінше, хабарлама алған тұлғалар:
✔ Қосымша салық есептілігін тапсыруы қажет;
✔ Немесе хабарламамен келіспесе, түсіндірме беруі тиіс.

Хабарламаны орындау мерзімі – 30 жұмыс күні. Салық органдары онлайн-жарнама, ақпараттық өнімдерді жылжыту, курс сату, ұтыс ойындарын өткізу сияқты табыс көздеріне ерекше назар аударып отыр. Конституция мен Салық кодексіне сәйкес, кез келген табысқа салық төленуі керек.

Белгілі кәсіпкер, блогер Әлішер Елікбаев әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің және таныстарының салық органдарынан ескерту алғанын айтты.

14 ақпаннан бастап блогерлер, инфлюенсерлер, ақпараттық бизнес өкілдері, спортшылар мен танымал адамдар жаппай "валентинка" (салық ескертуі) ала бастады. Менің берешегім 5 миллион теңге ғана, бірақ өзімді дұрыс табыс таппай жүргендей сезініп отырмын. Ал жұбайымның жеке кәсіпкерлігі бойынша салық сомасы 100 миллион теңгеге жеткенін көріп таң қалдым, – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға