Табысы ең жоғары спортшылар тізімі жасалды

Фото: instagram.com/cristiano
Фото: instagram.com/cristiano
09.02.2024 15:33
876
Sportico журналы 2023 жылғы ең табысты спортшылардың тізімін жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл тізімнің кқш басында «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду тұр. Былтыр португалиялық 275 млн доллар табыс тапты (жалақы мен демеушілерден түскен бонустар).
Екінші орынға гольфші Джон Рам жайғасқан – 230млн доллар. Алғашқы үштікті 130 млн доллармен «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси түйіндеген.
Ең табысы жоғары спортшылар бестігі:
Криштиану Роналду – 275 млн доллар (футболдан 215 және демеушілер есебінен 60 млн доллар)
Джон Рам (гольф) – 203 (181+22)
Лионель Месси – 130 (65+65)
Леброн Джеймс – 125,7 (45,7+80)
Килиан Мбаппе – 125 (100+25).
Бөлісу:
