Жаңалықтар

Табысы аз елорда азаматтарына 4,5 АЕК мөлшерінде көмек көрсетіледі

Бұл туралы құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды
Табысы аз  елорда азаматтарына 4,5 АЕК мөлшерінде көмек көрсетіледі
Фото: gov.kz 14.12.2022 19:08 1739

Астана қаласының әкімдігі әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаға өзгерту енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

"Табысы аз азаматтарға 4,5 АЕК мөлшеріндегі көмек бұрын 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күніне орай беріліп келсе, енді 25 қазан – Республика күніне орай үлестіріледі. Бұл көмекті алу үшін Астана тұрғындарына өтініш берудің қажеті жоқ. Көмек алатын азаматтардың тізімін Астана қаласының әкімдігі әзірлейді. Көмек мөлшері 2023 жылы 15 525 теңгені құрайды. Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға берілетін әлеуметтік көмек мөлшерінің жоғарғы шегі 13 АЕК-тен 20 АЕК мөлшеріне (2023 жылы – 69 мың теңге) дейін арттырылды. Ал нақты көмек мөлшері өтініш берушінің шығындарының негізінде анықталады", - делінген құжатта.

Көмекті мына санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

егде жасына, ауруына, мүгедектігіне байланысты өзіне күтім жасай алмайтындар;

дене не ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар адамдар;

әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектеулі адамдар;

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар;

пробация қызметінің есебінде тұрғандар.

Құжат жобасы Ашық НҚА порталында 29 желтоқсанға дейін қоғам талқысына ұсынылған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға