Жаңалықтар

«Тәбетіңіз бен әмияныңызға байланысты». Министр жаңа жылдық дастарқанға қанша қаржы жұмсайтынын айтты

«Тәбетіңіз бен әмияныңызға байланысты». Министр жаңа жылдық дастарқанға қанша қаржы жұмсайтынын айтты
Фото: ©El.kz/Миражан МАХАН 25.12.2023 13:40 791

Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев жаңа жылдық дастарқанға қанша қаржы жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілі министрден жаңа жылдық дастарқанға қанша қаржы жұмсайтынын сұрады.

Сенбі күні базарға азық-түлік сатып алуға бардым. Жаңа жылдық үстелде 37 тауар түрі болуы керек деп айтып жатады. Оның ішінде оливье, подшуба салаты, мандарин, ананас және тағы басқаларын атауға болады. Маған базардағы сатушы апайдың «сен қанша жейсің, сонша сатып аласың» деп айтқаны ұнады. Сондықтан бұл жерде орташа тұтыну деп айтуға келмейді. Мысалы, мен базардан құрма, қызанақ, қияр, ет, 2 нан, сүт, жалпы орташа стандартты себетті алдым. Бағасы 24 мың теңгеге шықты. Бұл жаңа жылдық үстелге емес. Жаңа жылдық мерекеге жұмсалатын шығын сіздердің тәбеттеріңіз бен әмияндарыңызға байланысты, - деп жауап берді министр.

Министр жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы 9,8 пайызға өскенін айта кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға