Жаңалықтар

Тағы бір үміт. Астық піскен кезде нан арзандайды екен

Оның айтуынша, бидай арзандап келеді. Қыркүйекте тағы да төмендеуі мүмкін. 
Тағы бір үміт. Астық піскен кезде нан арзандайды екен
Фото: СС0 / klimkin 03.08.2022 07:38 1821

Ет пен жұмыртқа бағасы да бұрынғыдай шарықтамайды. «Қазақстан астық одағының» төрағасы Нұрлан Оспановтың пайымы осындай, деп хабарлайды EL.KZ «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бидай арзандап келеді. Қыркүйекте тағы да төмендеуі мүмкін. 

Болжам бойынша биыл диқандар 16 млн тонна астық орады. Оның 5 миллион тоннасы өзімізге жетеді. 9 миллион тоннаны экспорттауға болады. Бірақ биыл ірегедегі Ресейде астық мол. 

Көрші ел Еуропаға бидай сата алмайды. Сондықтан Қазақстанға бәсекелес болуы мүмкін. Тіпті өз бидайын арзан ұсынып, біздің шаруаларды шығынға батыруы да әбден мүмкін. Сондықтан астық одағы үкіметтен ішкі нарықты 125 теңгеден төмендетпейтіндей шаралар қабылдауды ұсынып отыр. 

Егер үшінші сұраптағы 1 келі бидай 120-130-дан болса, нан да сол шамада болуы керек. Бидайдың құны төмендеген сайын одан жасалатын өнімдер де арзандайды. оның ішінде жем, жарма бар. Сәйкесінше ет, тауық еті, жұмыртқа арзандауы тиіс. Тек жанармай, электр энергиясы тағы басқа шығындар көбейіп кетпесе болғаны - дейді Нұрлан Оспанов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға