Жаңалықтар

Тәжікстандағы қазақ диаспорасының басшысы «Қазақтану» жобасы аясында марапатталды

Тәжікстандағы қазақ диаспорасының басшысы «Қазақтану» жобасы аясында марапатталды
06.11.2018 12:44 1643

«Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Умар Шоназаров Тәжікстан астанасында өткен халықаралық бизнес-форумға қатысты.  

Тәжікстан астанасында өткен «Душанбе-2018» халықаралық бизнес-форумда айтылған мақсат-міндеттермен қазақстандық бизнесмен, «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Умар Шоназаров бөлісті.

Умар Файзудиновичтің айтуынша, БҰҰ-ның,  экспорттық тасымалмен айналысатын халықаралық ұйымдар өкілдерінің, ірі холдингтер және туристтік фирма басшыларының басын біріктірген халықаралық бизнес-алаңға әлемнің 80-нен астам елінен делегат келген. Форум Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның, елдің министрлер кабинетінің, еуразиялық қайта құру және даму банкі төрағасының қатысуымен өтті.

Аталмыш іс-шараға Тәжікстан Республикасы инвестициялар Комитетінің шақыруымен қазақстандық тараптан барған «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Умар Шоназаров және «Аманат-11» ЖШС директоры Оразбек Саркеновтер  жарма, майлы дақылдарынан отандық ауылшаруашылық өнімдерінің тасымалдаушылары ретінде  қатысты.

«Біздің өнімге қатарында Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірлігі сынды мемлекеттер бар түрлі елдер қызығушылық танытты. Біз 80 мың тонна жарма өнімдерін экспорттауға келісімге келіп, оның ішінде тәжік кәсіпкерлері өз елдеріне Ақмола облысынан айына 30 мың тонна жарма және 10 мың тонна майлы дақылдарды тасымалдауға ниетті екендерін білдірді. Тәжік елі тарапының өкілдері ақмолалық тасымалдаушылардың сенімін арттыру үшін ешбір делдалдарсыз тікелей жұмыс жасауға әзір. Барлық жұмыс қауіпсіздік кепілі ретінде қарастырылатын біздің тәжік ұлттық-мәдени орталығы арқылы жүзеге асырылады», - деп бөлісті Умар Файзудинович.

Дәл осы сапар барысында «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Умар Шоназаров «Қазақтану» жалпыұлттық жобасы аясында Душанбе қаласындағы «Байтерек» ҚБ төрайымы, Тәжікстанда тұратын қазақ диаспорасының басшысы Зәуре Саминоваға қазақ халқының тілін, мәдениетін, дәстүрлерін сақтауға қосқан үлесі үшін алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті. З. Саминованың айтуынша Тәжікстанда 3700 қазақ диаспорасының өкілдері өмір сүреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға