Жаңалықтар

Тәжікстан Елшісі Қарағандының Достық үйінде болды

Тәжікстан Елшісі Қарағандының Достық үйінде болды
12.06.2019 09:58 3332

Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ибодзода Хайрулло мырза  Қарағандының Достық үйінде болды.

Елшімен ресми кездесуге Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын және «Тәжік диаспорасы» этномәдени қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. 

IMG-20190611-WA0012.jpg

Ерлан Бейсембайұлы алғы сөзінде «Достық үйі - азаматтық қоғам институттарына арналған көпфункционалды ресурстық  орталыққа айналып, қазіргі күні  бейбітшілік пен келісімнің және азаматтық бастамалардың ортақ шаңырағы саналады. Сондай-ақ, мұнда этномәдени бірлестіктердің жұмысын дамыту үшін барлық жағдай мен мүмкіндіктер жасалған»,- деп атап өтті.

Өз кезегінде Хайрулло мырза басқосуға жиылғандарға облыс аумағында тұратын басқа да этностармен достық пен келісімде өмір сүрудің маңызын,  тәжік ұлтына ұқсас бауырлас қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеу керегін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон туралы Заңын мұқият түсіндірді.

IMG-20190611-WA0020.jpg

Статистика бойынша Қарағанды облысында 2000-ға жуық тәжік этносының өкілі тұрады. Басқосуға жиылған көпшілік елшімен бірнеше түйінді мәселелерді талқылап, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды.

Өз кезегінде «Тәжік диаспорасы» этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шәкәрбек Норматов Тәжікстан Республикасының Елшілігіне тарихи Отанымен байланыс орнатқаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ол этномәдени бірлестіктің негізгі қызметі - ұлттық мәдениет пен шығармашылықты жаңғыртып, салт-дәстүрлерді дамыту және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеумен қатар,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын қолдау болып табылатын жеткізді.

IMG-20190611-WA0015.jpg

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға