Жаңалықтар

Тәйімбет Көмекбаев

Тәйімбет Көмекбаев
18.09.2014 09:41 9765

Тәйімбет Көмекбаев

Тәйімбет Көмекбаев  1896 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №10  ауылда кедей-шаруаның отбасында дүниеге келді. 1932 жылға дейін Өндіріс кохозында жұмыс істеді, 1932 жылы ашаршылық салдарынан Өзбекстанның «Қайдуан» деген ауданына көшіп кетіп,  етікшілікпен айналысқан. 1935 жылы мамыр айында Қармақшы ауданына қайта көшіп келіп, «Өндіріс» колхозында егіс бригадирі болып қызмет атқарған. 1939 жылы Гурьев облысы, Қандыағаш-Гурьев темір жолына колхоз атынан жіберіліп, темір жол салуда десятник болған. Қарамағындағы 60 адаммен бірге, темір жолды уақытында абыроймен салып бітіріп станхановшы атанған. 1942 жылы Қармақшыға қайтадан оралып, Жосалыдағы депоның көмір складына жай жұмысшы болып орналасқан. Мұнда да жұмысшылардың алдыңғы қатардағы стахановшысы деген атаққа ие болған. 1942 жылы ақпан айында Отанын қорғау үшін майданға аттанған. 

Көркем әдебиет  жазуларынан әйгілі жазушылардың еңбектерінде жарияланған батырлар ерліктері жөніндегі қолжазбалар, естеліктер.

«Батыр-Тәлімбет» атты мақала, авторы Ш.Бектібаев.

Батырдың ерліктерін баяндау

1945 жылдың 23-26 қаңтардағы Глейвиц қаласына шабуылдау соғыстарының кезінде Көмекбаев жолдас ержүректілік пен ерліктің үлгісін көрсетті.

Немістердің қатты қарсылығына қарамастан болып қол пулеметінен оқ жаудырып  өз бөліміндегі алғашқылардың бірі Глейвиц қаласына басып кірді және шегініп бара жатқан жаудың соңына түсіп Глейвиц қаласының кварталдарын бірінен соң бірін жаудан тазартып жеке құрамды әскери тапсырманы жылдам орындауға жігерлендірді.

 27.01.1945 жылы Колховица қаласын алу кезінде Көмекбаев өз бөлімшесінің құрамында ерекше тегеурінмен алға ұмтылды және «Кеттік, алға» деп айқайлап, баталбон бөлімшесінің алға жылжуына кедергі келтіріп жатқан қарсыластың пулеметіне граната лақтырды, осылайша Көмекбаев Колховница қаласына кіруге және оны иеленуге мүмкіндік тудырды.

06.02.1945 жылы Бриг қаласын алу бойынша әскери тапсырманы орындауда Көмекбаев өзінің бөлімшесіндегі ең алғашқы болып Одер көлінен ұрыс сала отырып өтті және Батыс жағалаудағы Эйхинрид ауданындағы тұрғын жайдан Бриг қаласын алу үшін плацдарммен қамтамасыз етті, алға қарай ойдағыдай жылжыған Көмекбаев қалаға жақын маңда бес рет қарсы шабуыл жасадығ нәтижесінде 18 неміс солдаты мен офицері  өлтірілді, осы түні Көмекбаевтың жеке өзі станокті пулеметті гранатамен талқандап, қалаға кіріп, батыл және табанды түрде қимылдай отырып, 60 неміс солдаты мен офицерінің көзін жойды, 12 адамды тұтқынға түсіріп, батальонның штабына алып келді.        

08.02.1944 жылы біздің бөлімшені Ванзен қаласынан қуып шығу үшін қарсыластар басым күшімен және артиллерияның қолдауымен 4 рет қарсы шабуылға шықты, алайда Көмекбаев жолдас бір қадам да кері шегінбеді, ерекше батылдық көрсете отырып, жеке өзі 7 рет қарсы шабуылға шықты, нәтижеінде 25 солдат пен офицер өлтірілді, алға өқойған әскери тапсырма орындалды.

Марапаттары

10.04.1945 ж. Жарлықпен Кеңес Одағының Батыры атағымен қоса Ленин ордені мен «Қызыл жұлдыз» медалі тапсырылды.

Сілтемелер: Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты, 724-қор, 3-т. жалғасы, 7-іс.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға