Жаңалықтар

Төрт түлік пен тағам түсіңізге енсе...

Адамның түсіне барлығы кіреді. "Тауықтың түсіне тары кіргендей", кейде адам түсінде әртүрлі тағамдарды көреді.
07.04.2014 09:42 244416

Адамның түсіне барлығы кіреді. "Тауықтың түсіне тары кіргендей", кейде адам түсінде әртүрлі тағамдарды көреді. Сондай-ақ, төрт түлікті де көреді.

Төрт түлік пен тағам түсіңізге енсе...

Төрт түлік

Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.

Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.

Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.

Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал-мүлкіне зиян келеді.

Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.

Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.

Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.

Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.

Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол-жақсы. Өйткені түйе-ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру-жақсы.

 Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.

 Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
 Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.

Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.

Егер де кісіні түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені оның түсінде көрген -әзірейлінің өзі.

Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.

Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.

Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы.

Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.

Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру-өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру-жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.

Тағамдар

Төрт түлік пен тағам түсіңізге енсе...

Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.

Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол-өңінде мол дәулетке ие болады.

Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.

Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.

Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.

Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.

Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.

Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадмар ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.

Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.

Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.

Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.

Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

Адам түсінде құстар мен аңдарды көрсе...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға