Жаңалықтар

Төрт арыс ел

Қазақ этногенезі
05.09.2014 12:04 6782

Кіші жүзден тараған төрт арыс елдің бұл өңірлерге қоныс аударып келген жерлері, Сарысу өзенінің өңірінде ерте уақыттан бері ірге тіккен, Орта жүзден тараған найман руынан өрбіген Бағаналы, Балталы аталары мен Арғын руынан тараған Қуандықтан өрбіген – Есен, Қарт, Өмір, Темір, Алтай, Қарпық аталарының Атамекен еткен жері екен. Қоныс аударушыларды бұл елдердің халықтары қарсы алып, құрмет еткен.

Кіші жүзден тараған төрт арыс елдің халықтары шұрайлы жерлерге егелік етіп, төрт түлік малдар өсіріп, ірі байлар мен орта шаруалар сандары артқан. Кедей-кембағал халықтар ірі байлардың қамқорлық көмегімен тарықпай жақсы тұрмыста болған. Найман мен Арғын руларынан тараған халықтар мен төрт арыс елі халықтарының арасында қоныстастық, достық, татулық, ынтымақ болған. Сонымен қатар, әдеп, әдет, ғұрыптары бір болған» дейді тебірене.

Саудакенттік жағалбайлының шежіреге кеудесі толы Аман Данияров атты қарты бір әңгімеде: «Жағалбайлының 12 атасы Арқада, 7-і Қостанай жағында, 5-6 атасы батыста өмір сүреді. Ал, Таманың екі атасы – Әліп пен Жөгі ғана бері қарай келген, қалғаны өз ата жұртында. Негізі Тама 9 атадан тұрады» деп шертеді.

«Қарт ұстаз Әбдікәрім Әбдірайымовтың мына бір жазбаларында шежіре туралы үлкен дүниеге ұласып кетердей сәл де болса үндестік бар тәрізді:

«Бұл жаққа келген кіші жүз руларының өз жерінен ауысуы тарихымызға белгілі «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» оқиғасынан соң деп топшылауға негіз бар. Қазіргі Түгіскен жері олардың соңғы қонысы. Мұнда олар Абылайдың дәуірлеп тұрған шағында, қазақ елі ес жиып, елдік салтына қайыра көшкенде келген. Бұл жер басынан құнарлы жер. Белуардан көк шалғын, кең жайылым ортасынан өтіп жатқан нар қамысты Сарысу өзені, оңтүстігінде шалқар көл - Бозкөл мен Қаракөл, одан әрі Кенжебай-Самайдың Бетпақ даласына дейін ұштасатын ұшы-қиыры жоқ шұрайлы да, жалпақ жайлауы. Қазіргі «Жеңіс» кеңшарының орталығында Арап деп аталатын төбе бар. Жолаушы – ел басшылары қоналқыға Сарысу өзені бойына түнеп, ат шалдырып, дем алуға келгенде Араптың үстіне шығып, сұхбат құрады. Сондай бір бас қосуда батар алдындағы күн сәулесінің нұрына бөленіп тұрған жердің әсем көрінісіне мейірленген бір ақсақал: «Мынау не еткен түгі өскен жәннат жер еді, бұл жер біздің баламыздың баласына – ұрпағымызға берекелі қоныс болар!» деген екен. Сол «түгі өскен» деген сөзден «Түгіскен» болып атанып кетіпті.  

Жоғарыда аталған Түгіскен жеріне келіп қоныстанған кіші жүз елінің Алшын, Тама, Жағалбайлы рулары мен орта жүз Қарпықтан тарайтын Тоқа, оның ішінде Барғана Шушақ деген бір рулы ел.

Әртүрлі тарихи жағдайларға байланысты қоныс аударып осы өңірге келіп мекендеген кіші жүз руларының негізгі мекені, шыққан жері Орал тауы, Жайық бойы, Атырау өңірі, Ақтөбе маңайы екендігін бүгінгі ұрпақ жақсы біледі.

Нұрлан Рахымжанов

Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға