Жаңалықтар

Төрт қазақ боксшысын Олимпиада финалына шығарған бапкер

Төрт қазақ боксшысын Олимпиада финалына шығарған бапкер
21.10.2015 09:55 5897

Тұрсынғали Еділовтің аты қазақ боксының тарихында алтын әріппен жазылып қалды. Дәл осы бапкердің тұсында Олимпиадаға төрт қазақ боксшысы финалға шығып, екі алтын, екі күміс еншілеп қайтты. (2000 жылы Сидней Олимпиадасында Ермахан Ыбырайымов пен Бекзат Саттарханов алтын алса, Болат Жұмаділов пен Мұхтархан Ділдәбеков күміс алды)

Төрт қазақ боксшысын Олимпиада финалына шығарған бапкер

Қазір Тұрсынғали Еділов Алматы облысының құрамасын жаттықтырады. 2013 жылы Т.Еділовтың қол астында жаттығатын Жәнібек Әлімханұлы Алматы қаласында өткен Әлем чемпионатында жеңіске жетіп, көпшіліктің көзайымына айналды.

Төрт қазақ боксшысын Олимпиада финалына шығарған бапкер

Тұрсынғали Еділовтің айтуынша, қазір Қазақстанда боксқа көп мүмкіндік жасалған. "Мен ұлттық құраманы басқарып тұрғанда бюджеттен 30 млн теңге бөлінетін. Қазір облыстың бюджеті одан да көп. Боксшыларға барлық жағдай жасалынып жатыр. Спорт кешендері салынып, 2013 жылы Әлем чемпионатында үлкен нәтиже көрсетті. Қуанатын жағдайлар көп" дейді. 

Төрт қазақ боксшысын Олимпиада финалына шығарған бапкер

– Сиднейдегі жетістікті қайталау мүмкін бе? Финалға төрт бірдей қазақ баласының шығуы – қазір алып қарасақ үлкен жетістік. Бірақ, ең бастысы болашақ. Біз болашақта мықты боксшыларды дайындауымыз қажет. Сиднейдегі көрсеткіштен асып түсетін ұрпақ әлі де келеді деп ойлаймын. Біз екі дүркін, үш дүркін Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеуіміз қажет. Марқұм Бекзат Саттарханов үш дүркін Олимпиада чемпионы боламын деп көп айтатын. Бірақ, өмірден ерте кетті. 2003 жылы әлем чемпионы болған Галиб Жафаров пен Геннадий Головкин Афины Олимпиадасында (2004 жыл) нағыз бабында тұрған боксшылар еді. Бірақ, олар Олимпиаданы жеңе алмады. Ал, Сиднейге барған кезде біздің арамызда әлемді жеңген тек Болат Жұмаділов қана болатын. 

Төрт қазақ боксшысын Олимпиада финалына шығарған бапкер

– Біздің боксшыларды кәсіби түрде дайындау керек. Бізде дайындықтар, жаттығулар әлі күнге дейін кеңестік режиммен жүргізіледі. Қазір жаңа ғасыр, жаңа ережелер, жаңа есімдер. Барлығы жаңару керек. Геннадий Головкинге қараңыздаршы, ол Олимпиаданы жеңе алған жоқ. Бірақ, қазір 12 раундта еш қиындықсыз жеңіп шығады. Бұл – өте керемет көрсеткіш. Бірде Гена елге оралғанда, одан жаттығу әдісін сұрадым. Геннадийден "Аға, ол жақтағы жаттығу деңгейі мұлдем бөлек, жоғары деңгейде" деген жауап алдым. Біздің жігіттерді де кәсіби түрде жаттықтыру керек, тіпті АІВА-ның өзі соған кетіп барады.

Төрт қазақ боксшысын Олимпиада финалына шығарған бапкер

– Болат Жұмаділов – екі бірдей Олимпиада финалында ойнаған жалғыз қазақ боксшысы. Ол 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемде көш бастады. 1999 жылы қазақтан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы атанды. Оның жанып тұрған, нағыз бабында болған сәті 1996 жылғы Атланта Олимпиадасы болатын. Ол кезде ұлттық құраманы Әбдісалан Нұрмаханов баптады. Бапкерлік құрамда мен де болдым, Болат жеңуі тиіс еді. (Финалда ұтылып, күміс алды).


Әзірлеген: Досжан Мейірім

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға