Жаңалықтар

Тұрсынов трилогиясына нүкте қойды (ФОТО)

станада белгілі режиссер Ермек Тұрсыновтың "Кенже" атты фильмінің БАҚ өкілдеріне арналған алдын-ала көрсетілімі болды.
31.03.2015 09:53 3846

Астанада белгілі режиссер Ермек Тұрсыновтың "Кенже" атты фильмінің БАҚ өкілдеріне арналған алдын-ала көрсетілімі болды. Фильмнің премьерасы 2 сәуірден бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі. 

Тұрсынов трилогиясына нүкте қойды (ФОТО)

Анықтама:

Кенже (2015)
Сценарий авторы және режиссері: Ермек Тұрсынов
Басты рөлдерде: Жандос Айбасов, Эдуард Онгар, Ольга Зайцева, Айнұр Ниязова.
Операторы: Сергей Козлов
Композиторы: Қуат Шілдебаев
Монтаж: Максим Смирнов
Продюсері: Александр Вовнянко

Тұрсынов трилогиясына нүкте қойды (ФОТО)

Астанада Ермек Тұрсыновтың «Кенже» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Фильм сюжеті жетім қалған екі баланың жетімдер үйіне түспес үшін қалаға қашып, онда қылмыстық жолға түскені төңірегінде өрбиді. Кенже (Жандос Айбасов) ағасының (Тыва актері Эдуард Онгар) қаруына айналған: қайда жұмсайды – сонда барады. Кімді нұсқайды – соны өлтіреді. Бірақ күндердің күнінде ол қателік жібереді, аға інісін сатады, іні ағасына қарсы шығады. Адасқанның айыбы жоқ па? Кенженің кішкентай ұлын қандай тағдыр күтіп тұр? Көргіңіз келсе – бүгіннен бастап кинотеатрларға асығыңыз. «Кенже» – «Келін» (2009) және «Шал» (2012) фильмдерінің мағыналық жалғасы. Тау-дала-қала, арғы тарих-бүгініміз-болашағымыз. Осы үштіктің тұтастығынан режиссер қазақ халқының тағдыры туралы көзқарасын жеткізгісі келіпті. Десе де Тұрсынов трилогиясының нүктесі болғанымен, «Кенже» орындалуы тұрғысынан алдыңғыларға ұқсамайды. «Келін» арт-хаустық драма, «Шал» триллер болғанда, «Кенже» - экшн элементтері бар драма. Сондықтан Голливудтық атыс-шабысқа үйренген көрерменнің бұл туындыны жатсынбай қабылдайтыны анық.. «Мен көрерменді алдап соққым келді. Формасымен қызықтырып, экшнның арғы жағындағы мәнін, мағынасын өткізгім келді» дейді режиссер. Айтпақшы, жабық көрсетілімнен кейінгі пресс-конференцияда түсіру тобы түсірілім кезіндегі біраз құпияларын ашты.

Тұрсынов трилогиясына нүкте қойды (ФОТО)

«Қазақфильм» АҚ вице-президенті Арман Асенов пен киностудияның бас редакторы әрі вице-президенті Дидар Амантай:

«Қазақстанда ешбір фильм қаржылық тұрғыда өзін-өзі ақтай алмайды, бірақ біз барынша табысты фильм түсіруге тырысатынымыз анық»

Тұрсынов трилогиясына нүкте қойды (ФОТО)

Жандос Айбасов пен Ольга Зайцева:

«Түсіру тобы өте кәсіби және дос пейілді жандардан құралғаны ұнады»

Тұрсынов трилогиясына нүкте қойды (ФОТО)

Айнұр Ниязова:

«Ермек Тұрсынов актерлерге көп бостандық беретін режиссер. Алда әлі де бірлесіп жұмыс істейміз деген үмітім бар»

Тұрсынов трилогиясына нүкте қойды (ФОТО)

Ермек Тұрсынов:

«Фильмге кірмей қалған сахналар бар, мысалы бас кейіпкердің Ольга Зайцеваны зорлайтын көрінісі. Сенімді шықпағандықтан,жеке архивімде қалды»

Тұрсынов трилогиясына нүкте қойды (ФОТО)

Жандос Айбасов:

«Мен бұрын адам зорлап көргем жоқ, оның үстіне бұл фильмге түскен кезде тәжірибем де шамалы еді. Қазір, мүмкін, ондай сахнаны да сендіріп ойнар едім»

Тұрсынов трилогиясына нүкте қойды (ФОТО)

Эдуард Онгар:

«Мен Тыва елінен келдім. Қазақ бауырларыма шын жүректен туған халқымның сәлемін жолдаймын»

Тұрсынов трилогиясына нүкте қойды (ФОТО)

Ермек Тұрсынов:

«Келін» – арғы тарихымыз еді, «Шал» – бүгінгі күніміз, өз даласында адасып жүрген халқымыз болатын. Егер шалдарымыз өз даласында адасып жүрсе, болашағымыз бұлыңғыр деп санаймын. Ал «Кенже» - келешегіміз туралы. Фильмнің соңында ауылдан шыққан бала қайда кетіп барады? Оны не күтіп тұр? Мені сол сұрақтар мазалайды»
Тұрсынов трилогиясына нүкте қойды (ФОТО)

Ольга Зайцева:

«Мен келген кезде атқа да отыра алмайтын едім, Жайдарбек Күнғожинов бастаған каскадерлердің көмегімен қазір өз-өзімді қорғай алатын деңгейге жеттім»

Авторы: Әсия Бағдәулетқызы.

Суреттерді түсірген: Нұрбек Әлманбектов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға