Жаңалықтар

Түркиялықтар экс-елшіге алғыс айтты

Таяуда Анкара мен Ыстамбұлда ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаевтың дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдау өтті
25.10.2016 11:11 3067

Таяуда Анкара мен Ыстамбұлда ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаевтың дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдау өтті.

Түркиялықтар экс-елшіге алғыс айтты

Бұл шараға Түркияның премьер-министрінің орынбасары Тұғрыл Түркеш, Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибраһим Калын, экс-министр Намык Кемал Зейбек, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменов және тағы басқа мемлекеттік ведомстваларының өкілдері, Түркиядағы дипломатиялық мекемелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Түркиялықтар экс-елшіге алғыс айтты

Қабылдау кешіне қатысқан лауазымды қонақтардың алдында сөз алған Жансейіт Түймебаев Анкарада дипломатиялық миссияны атқарған кезінде қазақ-түрік қарым-қатынасының күшеюіне және дамуына қосқан зор үлесі үшін Түркия президентіне, Түркия үкіметіне, Түркия ұлы ұлттық мәжілісіне алғысын білдірді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап, Түркия арасындағы қарым-қатынасына биік деңгейде мән беріп, достық пен бауырластықты нығайтуға зор үлес қосып отырғандығын атап өткен Ж.Түймебаев:

– Қарқынмен жалғасып отырған екіжақты байланыс қазақ-түрік қарым-қатынасының белсенді дамуы үшін ең жоғары деңгейдегі мығым тұғырнама болып табылады, – деді.

Түркиялықтар экс-елшіге алғыс айтты

Шарада сөз алған Түркияның премьер-министрі Тұғрыл Түркеш:

– Жансейіт Қансейітұлымен танысқан күннен бастап, бауырластық байланысымыз биік деңгейде жалғасты. Екі елге қатысты мәселелер бойынша жиі-жиі кездесіп отыратынбыз. Тамырлас қазақ халқының құндылықтарын таныта отырып, бауырластығымыздың нығаюына үлкен септігін тигізді. Түркия Премьер-министрінің арнайы сәлемін және құттықтау лебізін өзіне жеткіздім. Жаңа қызметіне шын жүректен табыс тілейміз! – деді.

Түркиялықтар экс-елшіге алғыс айтты

Түркия премьер-министрінің орынбасары Тұғрыл Түркеш пен Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибраһим Калын Түркия үкіметі үйінде Жансейіт Түймебаевты қабылдап, алғыс хатпен марапаттады. Шара барысында Қазақстанның Түркиядағы елшілігінде түрік кәсіпкерлерге арналған «Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері» атты конференция өтті. Конференцияда Ж.Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының ивестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат беріп, Түркияның белді кәсіпкерлерімен келіссөздер жүргізді. Жиынға қатысқан бизнес өкілдері мен өндіріс саласының белгілі инвесторлары Қазақстанмен арадағы байланысты нығайтуға үлес қосатындарын жеткізді.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға